#MaslikhatAlmaty кезектен тыс XLI сессиясы

#MaslikhatAlmaty кезектен тыс XLI сессиясы

🔹 Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды депутаттарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауының қорытындылары туралы хабардар етті. Президент тарапынан мегаполисті одан әрі дамыту бойынша нақты тапсырмалар берілді. Басым бағыттардың қатарында экономиканы әртараптандыру, экологиялық ахуалды жақсарту, орнықты көлік және туристік инфрақұрылымды дамыту, қолайлы қалалық орта қалыптастыру және алматылықтардың өмір сапасын арттыру бар. Аталған міндеттер депутаттық корпуспен тығыз өзара іс-қимылда жүйелі түрде іске асырылатыны атап өтілді.

Сонымен қатар, конституциялық реформаға ерекше назар аударылды. Әкімнің айтуынша, ұсынылып отырған Конституция жобасы халық билігін күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін кеңейтеді әрі мемлекеттік басқарудың ашық және тиімді жүйесін қалыптастырады. Депутаттар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырылды.

🔹 Сессия барысында депутаттар Дамир Акежановтың Түрксіб ауданының әкімі лауазымына кандидатурасын келісті. Қала басшысы оның кәсіби тәжірибесін, қалалық процестерді терең білуін және басқарушылық дайындығын атап өтті. Кандидатура депутаттардың көпшілік даусымен қолдау тапты.

🔹 Сондай-ақ депутаттар Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма құруды қолдады. Бұл шешім Президент Әкімшілігінің тапсырмалары мен нормативтік құжаттардағы өзгерістер аясында қабылданды. Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев жеке басқарманың құрылуы балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау саласында алдын алу, жедел әрекет ету және ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

🔹 Сонымен қатар, депутаттар Бекзат Жүнісбековті Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі етіп тағайындады. Кандидатура Тексеру комиссиясы төрағасының ұсынуы бойынша енгізіліп, Жоғары аудиторлық палатамен келісілді.