#MaslikhatAlmaty денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту тұрақты комиссиясының депутаттары 2025 жылға арналған Еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Халықты әлеуметтік қорғау комитетінің департаментінің жұмыс туралы есептері мен 2026 жылға арналған жоспарларын тыңдады.
Қалада 2,3 млн-нан астам адам тұрады, олардың шамамен 16%-ы әлеуметтік осал топтарға жатады. Жұмыспен қамтылмағандардың деңгейі 5%-дан төмендеп, жұмысқа орналастырылғандардың жартысынан көбі тұрақты жұмыспен қамтылды. «Алтын жас» және «JobCoach» жобалары аясында зейнеткерлер мен мүгедек азаматтардың жұмыспен қамтылуы қамтамасыз етілді. Әлеуметтік көмек өтініш беру және адрестік принцип бойынша, цифрлық мониторинг арқылы жүргізілді. Арнайы әлеуметтік қызметтер 9,5 мыңнан астам азаматты қамтыды, Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, балаларға арналған ерте араласу орталығы ашылды. Қала инфрақұрылымының мүгедектерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында паспортизация жүргізілді.