Коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасы коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулардың өтетіні туралы хабарлайды.

Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2026 жылдың 24 ақпаны сағат 18:00-ге дейін pri.505@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

Өткізу күні мен уақыты:
2026 жылғы 25 ақпан, басталуы сағат 10:00.

Өткізу орны:
Алматы қаласы, Республика алаңы, 4
(Желтоқсан к-сі жағынан кіру), фронт-офис, № 116 зал.

Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасы:
225-17-37
225-17-38
225-17-39
8-701-372-14-33