Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXXIX сессиясы

Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXXIX сессиясы

2025 жылғы 10 желтоқсанда сағат 10:00-де Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40, мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXХIX сессиясы өтеді.

 

Күн тәртібі:

  1. Алматы қаласын 2026-2030 жылдарға дамыту жоспарын бекіту туралы;
  2. Алматы қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы;
  3. Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  4. Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы «Жасыл Алматы» мемлекеттік коммуналдық мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы;
  5. «Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органның – Экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 21 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:

  1. Мәслихаттың ресми сайты 
  2. Мәслихаттың YouTube каналы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2025 жылдың 9 желтоқсаны сағат 18:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.

Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01.