Депутаттар бұл цифрлық орталықтың медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, 103 қызметіне түсетін жүктемені азайтатынын атап өтті. Алайда көптеген алматылықтар ADMC мүмкіндіктері туралы әлі толық білмейді.
Осыған байланысты депутаттар тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді, цифрлық медициналық сервистерді кеңінен таныстыруды ұсынды.
Бүгінде ADMC арқылы қала тұрғындары мына қызметтерді пайдалана алады:
🔹 1312 қысқа нөмірі — емханаға жазылу, дәрігер қабылдауын нақтылау, талдау нәтижелерін білу, медициналық кеңес алу;
🔹 Телемедицина — дәрігермен онлайн консультация жүргізу;
🔹 Қашықтан мониторинг — жүкті әйелдерге, сәбиі бар аналарға, созылмалы аурулары бар азаматтарға тұрақты бақылау;
🔹 ЖИ дауыстық роботтары — скринингке, вакцинацияға, флюорографияға және басқа профилактикалық шараларға шақыру.
Депутаттардың пікірінше, осы қызметтер туралы ақпараттың кең таралуы медицина ұйымдарының жұмысын жеңілдетіп, тұрғындар үшін көмек түрлерінің қолжетімділігін арттырады.