Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXХVI сессиясы

Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXХVI сессиясы

2025 жылғы 29 қазанда сағат 11:00-де Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXХVI сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

  1. «Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 193 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
  3. Алматы қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі мен мөлшерін айқындау туралы;
  4. «Алматы қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 242 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. «VIII шақырылым Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және тұрақты комиссияларының төрағаларын, мүшелерін сайлау туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:

  1. Мәслихаттың ресми сайты 
  2. Мәслихаттың YouTube каналы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2025 жылдың 28 қазані сағат 18:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.

Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01.