#MaslikhatAlmaty делегациясы жұмыс сапарымен Гуанчжоу қаласында

#MaslikhatAlmaty делегациясы жұмыс сапарымен Гуанчжоу қаласында

11.10.2025 Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев бастаған депутаттар делегациясы Гуандун провинциясы Халық жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Е Чжэньцинь мырзамен кездесті.

Алматылық делегация құрамында мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен саяси партияларынан сайланған депутаттар бар.

Гуандун провинциясы – Қытай экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Елдің жалпы ішкі өнімінің 10 пайыздан астамы осы өңірдің үлесінде. Провинция қуатты өнеркәсіптік әлеуетімен, жоғары экспорттық көрсеткіштерімен, ірі порттарымен және дамыған инновациялық экожүйесімен танымал.

Кездесу барысында тараптар Алматы мен Гуандун арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады. Әңгіме қала басқару, инфрақұрылымды дамыту, экология, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағыттарына арналды. Сонымен қатар орнықты даму, қалалық ортаны жаңғырту және билік пен халық арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және жергілікті өкілді органдар деңгейінде әріптестікті кеңейтуге ниетті екенін білдірді.