VIII сайланымдағы Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXXV сессиясы

VIII сайланымдағы Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXXV сессиясы

2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 15:00-де Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXXV сессиясы өтеді.

 Күн тәртібі:

  1. Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 183 «Алматы қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Алматы қаласы Мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

 

Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:

  1. Мәслихаттың ресми сайты 
  2. Мәслихаттың YouTube каналы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды
2025 жылдың 29 қыркүйек сағат 17:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.

Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01.