Ремизовка су инфрақұрылымының негізгі құрылыс нысандарына жұмыс сапары

Ремизовка су инфрақұрылымының негізгі құрылыс нысандарына жұмыс сапары

Алматылықтардың өтініші бойынша қалалық депутаттары инженерлік инфрақұрылымның дамуымен және су жүйесін жаңғыртуға бағытталған негізгі нысандардағы жұмыстардың барысымен танысу мақсатында кезекті жұмыс сапарын өткізді.

Алғашқы нысан – Бостандық ауданында орналасқан су құбыры және кәріз магистральдық желілеріндегі апаттық-қалпына келтіру жұмыстары. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қаланың оңтүстік бөлігінде сумен қамтудың сенімділігі айтарлықтай артады. Бұл өңір тұрғындары үшін аса өзекті мәселе болып табылады.

Келесі бағыт Нұрлытау шағынауданындағы су дайындау кешені мен сорғы станциясының құрылысы. Жоба іске асқан жағдайда Нұр Алатау, Ерменсай, Ремизовка, Ақтөбе және басқа да шағынаудандардың 45 мыңнан астам тұрғыны тұрақты сумен қамтылады. Қала әкімі берген тапсырмаға сәйкес, нысанды 2026 жылдың қарашасына дейін аяқтау жоспарлануда.