Алматы қаласы Мәслихатының кезекті XXХІV сессиясы

Алматы қаласы Мәслихатының кезекті XXХІV сессиясы

2025 жылғы 19 қыркүйекте сағат 15:00-де Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезекті XXХІV сессиясы өтеді.

Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:

  1. Мәслихаттың ресми сайты 
  2. Мәслихаттың YouTube каналы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2025 жылдың 17 қыркүйекті сағат 18:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет. 

БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.

 

Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01