Мамыр-4-те депутаттардың қатысуымен құрылыс жұмыстарының сапасы талқыланды

Мамыр-4-те депутаттардың қатысуымен құрылыс жұмыстарының сапасы талқыланды

Әуезов ауданындағы Мамыр-4 шағын ауданының тұрғындарынан мердігер ұйымның құрылыс нормаларын бұза отырып жұмыс жүргізуі жөнінде мәслихат депутаттарының атына өтініш түсті.

Осыған байланысты мәслихат депутаттары құрылыс нысанына барып, тұрғындармен кездесті және барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін шақырды. Тексеру барысында тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулері тыңдалып, жобалық шешімдер мен жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына қатысты мәселелер талқыланды. Барлық тараптың мүддесін ескерген ортақ шешім қабылданды.

Кездесу қорытындысы бойынша мердігер ұйым анықталған бұзушылықтарды жойып, қажетті жұмыстарды дүйсенбіге дейін аяқтауға міндеттеме алды. Жобаның авторы да реконструкция жұмыстарының әрі қарай жалғасуы үшін құжаттамаға қосымша өзгерістер енгізетін болды.

Мәслихаттың құзыреті аясында тиісті тапсырмалар берілді. Дүйсенбі күні мемлекеттік органдар мен депутаттардың қатысуымен берілген уәделердің орындалуын тексеру мақсатында қайта шығу жоспарланып отыр. Бұл мәселе тұрақты бақылауда болады.