Алматы мен Пусан бауырластық байланыстарын нығайтуда

Алматы мен Пусан бауырластық байланыстарын нығайтуда

Алматы мен Пусан бауырластық байланыстарын нығайтуда

Алматыға Пусан қалалық жиналысының төрағасы Ан Сын Мин бастаған депутаттар делегациясы ресми сапармен келді.

Кездесу барысында #MaslikhatAlmaty депутаттық корпусы мен Пусан қалалық жиналысы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат қалалық басқару саласындағы тәжірибе алмасуды, өзара тиімді әріптестікті дамытуды және қалалар арасындағы тығыз байланыстарды нығайтуды көздейді.

Тараптар экология, көлік, цифрландыру, туризм және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне баса назар аударып, ынтымақтастықты тереңдетудің келешегін достық әрі іскерлік атмосферада талқылады.