VIII сайланымдағы Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXXI сессиясы

VIII сайланымдағы Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXXI сессиясы

2025 жылғы 9 шілдеде сағат 15:00-де Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXХІ сессиясы өтеді.

 Күн тәртібі:

  1. Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 199 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы Алматы хайуанаттар бағының ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы № 498 шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
  3. «VIII шақырылым Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және тұрақты комиссияларының төрағаларын, мүшелерін сайлау туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Алматы қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

 

Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:

  1. Мәслихаттың ресми сайты 
  2. Мәслихаттың YouTube каналы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2025 жылдың 8 шілдесі сағат 18:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.

Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01.