Алматы қаласының мәслихаты алаяқтық әрекеттер туралы ескертеді

Алматы қаласының мәслихаты алаяқтық әрекеттер туралы ескертеді

Соңғы уақытта қалада алаяқтық жиілеп кетті. Белгісіз адамдар, өздерін Мәслихат депутаттары ретінде таныстырып, Төрағаның атынан азаматтарды құқық қорғау органдарымен байланысты болуы мүмкін мәселелермен қорқытуға тырысуда.

Алматы қаласының Мәслихаты бұл сынды өтініштер біздің органның қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді. Мәслихат құқық қорғау органдарының іс-әрекетіне араласа алмайды және олардың жұмысын бақылауға құқығы жоқ.

Егер сіздерге осындай хабарламалар немесе қоңыраулар келсе, сабыр сақтап, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды ұсынамыз. Қырағылық танытып, алаяқтардың арандатуына жол бермеңіздер.