Кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Алматы қаласы Мәслихатының кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Депутаттар 2024 жылғы бюджеттің орындалу барысымен танысып, 2025–2027 жылдарға арналған түзетулер жобасын талқылады.

Комиссия отырысында қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, креативті индустрияларды дамыту және туристік әлеуетті көтеру бойынша ұсыныстар қаралды. Сондай-ақ, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, экологиялық зертханаларды жаңарту, су арналарына ЖБҚ әзірлеу және қаланың экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған бірқатар жобалар таныстырылды.

Сондай-ақ, жобалау-сметалық құжаттама кезеңіндегі Экология және қоршаған орта басқармасына қатысты жекелеген нысандар комиссия мүшелерімен көшпелі отырыс аясында қосымша зерделенетін болады.