2025 жылғы 5 маусымда сағат 15:00-де Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезекті XXX сессиясы өтеді.
Күн тәртібі:
Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2025 жылдың 3 маусымын сағат 18:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.
БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.
Алматы қаласы Мәслихатының аппараты, тел. 325-80-01.