Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс
Мәслихат туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Депутаттар
Все материалы
20 марта 2025
Алматы қаласы Мәслихатының кезекті ХХVIII сессиясының трансляциясы

18 марта 2025
VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихатының кезекті XXVIII сессиясы күнінің өзгеруі туралы хабарландыру

Алматы қаласы мәслихатының 19 наурызға сағат 10:00-ге жоспарланған кезекті XXVIII сессиясы 20 наурызға сағат 15:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Өтетін орны: Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 40, Достық Үйінің ғимараты.

 Күн тәртібі:

  1. «Алматы қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 183 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. «Алматы қаласының әкімдігі және Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Турксіб аудандары әкімдіктерінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың құрамдарын бекіту туралы» Алматы қаласы маслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы;
  4. Алматы каласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.

 

Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:

  1. Мәслихаттың ресми сайты 
  2. Мәслихаттың YouTube каналы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2025 жылдың 19 наурыз сағат 18:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.
БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.
Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01.

14 марта 2025
Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

 #MaslikhatAlmaty VIII шақырылымның Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде 2025–2027 жылдарғаарналған қала бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Салалық басқармалар өкілдері әлеуметтік саланы дамытуға, жастар бағдарламаларын қолдауға, мәденинысандар мен бұқаралық іс шараларды өткізуге, спорттық инфрақұрылымды нығайтуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталған бастамаларын таныстырды. Депутаттар баяндамаларды тыңдап, нақтылау сұрақтарын қойды және бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Бюджетті қалыптастыру жұмыстары жалғасуда – барлық ұсыныстар алдағы отырыстарда қаралатын болады

13 марта 2025
Байқаушылар тізімін калыптастыру бойынша іріктеу жүргізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 10-тармағына сәйкесе Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 14 наурыздан бастап 2025 жылғы 20 наурыз аралығында Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) отырыстарына қатысуға байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша құжаттар қабылданатынын хабарлайды.

 

Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.

 

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті Алматы қаласының мәслихатына не электрондық поштасына жібереді.

 

Ұсыныстар 2025 жылғы 14 наурыздан бастап 2025 жылғы 20 наурызды қоса алғанда сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

 

Мекен жайы: Алматы қ., Жароков көшесі, 215, 103 кабинет.

Электронды пошта: maslihat23@mail.ru

Анықтама үшін телефон: 8 (727) 3382635.

Жұмыс режимі: «Алматы қаласы мәслихатының аппараты» КММ дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

 

Өтініш нысаны Алматы қаласы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастырылған  (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty).

 

 

 

 

 

Нысан

 

Кімге ______________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен _____________________
____________________________
(өтініш берушінің аты, жөні, тегі
(бар болған жағдайда), жеке
куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

 

 

Өтініш

 

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) ______________________________________________________

      2) ______________________________________________________

      3) ______________________________________________________

      4) ______________________________________________________

      5) ______________________________________________________

      6) ______________________________________________________

      7) ______________________________________________________

      20___ жылғы "____"             Өтініш берушінің қолы ___________

13 марта 2025
Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Алматы қаласының Мәслихаты Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 7-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Алматы қаласы мәслихатының электрондық мекенжайына:

1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден Алматы қаласы мәслихатының талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

 

Жұмыс тобының сандық құрамы: 9 (тоғыз) адам.

 

Жұмыс тобының құрамындағы мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен (3 адамнан) аспауға тиіс.

Азаматтық қоғамнан өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың (6 адам) ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Алматы қаласының мәслихаты.

 

Құжаттар 2025 жылғы 14 наурыздан бастап 2025 жылғы 20 наурызды қоса алғанда сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

 

Мекен жайы: Алматы қ., Жароков көшесі, 215, 103 кабинет.

Электронды пошта: maslihat23@mail.ru

Анықтама үшін телефон: 8 (727) 3382635.

Жұмыс режимі: «Алматы қаласы мәслихатының аппараты» КММ дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

 

Өтініш нысаны Алматы қаласы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастырылған  (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кімге _____________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

 

 

Өтініш

 

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

       Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) ______________________________________________________

      2) ______________________________________________________

      3) ______________________________________________________

      4) ______________________________________________________

      5) ______________________________________________________

      6) ______________________________________________________

      7) ______________________________________________________

 

      20___ жылғы "____"             Өтініш берушінің қолы ___________

07 марта 2025
VIII сайланымдағы Алматы қаласы Мәслихатының кезекті XXVIII сессиясы

2025 жылғы 19 наурызда сағат 10:00-де Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезекті XXVIII сессиясы өтеді.

 

Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:

  1. Мәслихаттың ресми сайты 
  2. Мәслихаттың YouTube каналы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды
2025 жылдың 17 наурыз сағат 18:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.

Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01

25 февраля 2025
Алматыда «Қайраткер» жас саясаткер мектебі ашылды

Алматы қаласы Мәслихаты мен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық жастар ұйымы бірлесіп ұйымдастырған «Қайраткер» жас саясаткер мектебінің салтанатты ашылуы өтті.

Мектеп бір айға жоспарланған және Мәслихат депутаттарымен, саясаткерлермен, белгілі қоғам қайраткерлерімен және PR-мамандарымен мотивациялық тренинг-кездесулерден тұрады. Қатысушылар саяси процестердің негіздерін, өкілді органдардың қызметін және қоғаммен тиімді жұмыс істеу әдістерін меңгереді.

Бағдарламаның қорытынды кезеңінде қатысушылар Мәслихат депутаттарынан құралған комиссия алдында депутаттық сауалдарын қорғауы тиіс. Мектепті аяқтаған барлық қатысушыларға диплом беріледі, ал ерекше көзге түскен түлектер Алматы қаласы Мәслихаты депутаттарының қоғамдық көмекшісі ретінде үш ай бойы жұмыс істейді.

Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев жобаның маңыздылығын атап өтіп, жастардың ел дамуына қосар үлесін ерекше атап көрсетті.

«Мектептің басты мақсаты – жастардың саяси сауаттылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту және мегаполистің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау. Бұл мектеп тек білім беріп қана қоймай, депутаттармен және қоғаммен тікелей жұмыс істеу тәжірибесін де ұсынады. Алматы – жастар қаласы. Осы жоба аясында саясаттан алғашқы кәсіби білім алып, тәжірибе жинақтаған жастар болашақта еліміз бен қоғамымыздың саяси дамуына жаңа серпін береді деп сенемін», – деп қорытындылады Мейіржан Отыншиев.

Іс-шараға мәслихат депутаттары Диана Ерлан, Салтанат Серікова және Кристина Бекмурзаева, қоғамдық кеңес мүшелері Бекнұр Қисықов, Марлен Рысбеков, Алмат Әділбаев және жастар ұйымдарының өкілдері Рустам Қайрыев және т.б. қатысты.

Айта кетейік, мектеп Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

21 февраля 2025
Алматы қаласының цифрландыру басқармасының есебі тыңдалды

Алматы мәслихатында Цифрландыру басқармасының 2024 жылғы жұмысының қорытындылары қаралды. 

✅ Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру
🔹 14,9 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 94%-ы электронды форматта өтті.
🔹 «Электрондық үкімет» порталы арқылы 156 қызмет түрі қолжетімді.

✅ IT саласы мен стартаптарды дамыту
🔹 7,5 мың адам акселерациялық бағдарламаларға қатысты.
🔹 2 049 жаңа жұмыс орны ашылды.
🔹 309 стартап қолдау алды, оның 16-сы халықаралық нарыққа шықты.

✅ Киберспорт пен жастар жобалары
🔹 Өткізілген іс-шараларға 12,5 мың жас қатысты (жоспар – 10 мың).
🔹 Киберспорттық іс-шаралардың онлайн көрілімдері 2 миллионнан астам қолданушыға жетті.
🔹 120 студент ойын индустриясы бойынша арнайы оқудан өтті.

✅ Қалалық цифрлық шешімдер
🔹 JolQal.ai жүйесі арқылы 1375 жол ақауы және 60 жол белгілеу кемшілігі анықталды.
🔹 Қоғамдық орындарға 6000 жаңа бақылау камерасы орнатылды.
🔹 Open Almaty жүйесінде 246 мың азаматтық өтініш өңделді.

✅ Қауіпсіздік және жедел хабарландырулар
🔹 Mass Alert жүйесі Алматыда сәтті енгізілді, тест нәтижелері бойынша 97%-ға дейін сәтті хабарламалар жіберілген.
🔹 64 медицина мекемесіне 4636 бейнебақылау камерасы, 135 дабыл батырмасы және 42 қауіпсіздік жүйесі орнатылды.

  • 2025 жылға жоспарлар:
    JolQal.ai жүйесін жол ақауларын анықтауда жетілдіру.
    Алматыда кемінде 5 киберспорттық іс-шара өткізу.
    400 камераны зираттарға орнату арқылы вандализмнің алдын алу.
    Almaty Digital Medical Center цифрлық денсаулық сақтау жүйесін дамыту.
21 февраля 2025
Дін мәселелерін зерттеу орталығының жұмысымен танысуы

Алматы қаласы Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-де Алматы қаласы Мәслихаты депутаттарының Орталық қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі комиссия мүшелері Орталықтың қызметімен, жыл сайынғы жоспарларымен, аналитикалық жұмыстары және дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру қызметімен танысты. Сондай-ақ Алматы қаласындағы діни тұрақтылықты одан әрі нығайту бойынша ұсыныстар талқыланды.

Орталық конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Депутаттар Орталық қызметкерлерінің кәсібилігін және қаламыздағы діни ахуалды зерттеудегі мол тәжірибесін жоғары бағалады.

11 февраля 2025
Мәслихаттың кезектен тыс XXVII сессиясы өтті

Бүгін Алматы қаласында VIII шақырылымдағы мәслихаттың кезектен тыс XXVII сессиясы өтті. Күн тәртібінде мегаполистің дамуы үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар мәселелер қаралды.
Сессия жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин, депутаттар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Сессияның басты тақырыптарының бірі — «Алматы қаласының жылумен жабдықтау жүйесін 2030 жылға дейін, 2040 жылға дейінгі перспективамен дамыту жоспарын» талқылау болды. Бұл құжат жылу желілерін жаңғырту мен қайта құруды, ескірген технологиялар мен жабдықтарды алмастыруды, сондай-ақ болашағы зор аудандарда жаңа қазандықтар салуды көздейді.
Жаңғырту аясында апаттық жағдайлардың алдын алу және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жаңа технологиялар мен шешімдерді енгізу жоспарлануда. Ескі құбырларды жылуды жоғалтпауға және қызмет көрсету шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін дистанциялық бақылау жүйесі бар алдын ала оқшауланған құбырлармен ауыстыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, жылу жоғалту мен ақаулардың алдын алу үшін ескірген жабдықтарды заманауи шарлы крандармен алмастыру жоспарланған. Бұл шаралар жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, жаңа тұтынушыларды жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Сессияда қаралған тағы бір маңызды мәселе — жаңадан ашылған қоғамдық көлік бағыттарын әлеуметтік маңызды деп тану. Бұл шара халыққа көлік қызметтерін қолжетімді ету мақсатында жүзеге асырылады. Қаланың шет аймақтарында тұратын тұрғындар қоғамдық көлік тапшылығына немесе оның болмауына байланысты қиындықтарға тап болуда. Осы себептен қалаға күн сайын 300 мыңнан астам көлік кіреді, бұл қаланың инфрақұрылымына үлкен жүктеме түсіреді. Алматы қаласы әкімдігі осы мәселені шешу мақсатында 147 қалалық және 54 қала маңындағы бағыт ұйымдастырған. Оның ішінде 178 бағыт әлеуметтік маңызды деп танылған. Депутаттар қалған 23 бағытты да әлеуметтік маңызды деп тану туралы шешімді қолдады.

Сессияда  мәслихаттың перспективалық жұмыс жоспарын бекіту секілді ұйымдастырушылық мәселелер де қаралды.

 
Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы