Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы І-VII шақырылым Мәслихатының хатшылары

Канкуров Станислав Владимирович

Алматы қаласы мәслихаты VII шақырылымының хатшысы

(15.01.2021 - 19.01.2023 жж.)

Канкуров Станислав Владимирович 1985 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында туылған. 

«Құқықтану» мамандығы бойынша Д.А.Қонаев атындағы университетін, «Экономика» (MBA) мамандығы бойынша М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін,  «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Орталық Азия университетін бітірген.

Өзінің еңбек жолын 2006 жылы бас маман, кейін «Мүліктерді техникалық түгендеу» ЖШС директоры қызметінде бастады. 2009 жылдан 2011 жылға дейін «Пстк Бителеком» акционерлік қоғамында қызмет атқарды, кейіннен Алматы қаласындағы «Қазақстан-2030» Қазақстан Республикасы Президентінің бағдарламасын қолдау» қоғамдық қорының вице-президенті болды.

2011-2013 жылдары «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, кейін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2018 жылдан 2021 жылдың 15 қаңтарына дейін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

С.В.Қанкуров Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың,  Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың алғыс хаттарымен, «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, ведомстволық және мерекелік медальдармен марапатталған. 

Бірқатар мақалалар мен жарияланымдардың авторы. 

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті Қоғамдық кеңесінің төрағасы (2015ж.).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі Кеңесінің мүшесі (2016 жылдан бастап).

2007 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі. 

Партияның Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі.

2016 жылдан 2021 жылға дейін VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап Алматы қаласы мәслихатының хатшысы.

 

 

Қазанбаев Қалдыбай Омарұлы

Алматы қаласы мәслихаты V, VI шақырылымдарының хатшысы

(10.2014 - 01.2021 жж.)

Қазанбаев Қалдыбай Омарұлы 1956 жылы Талдықорған облысы Киров ауданы Көк-Су станциясында туылған.

1977 жылы Одесса политехникалық интитутын Одесса политехникалық институтын «Көтеру-тасымалдау машиналары және жабдықтары» мамандығы бойынша бітіріп, «Инженер-механик» біліктілігін алды.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Казгипроместпром» институтының инженер - конструктор жолдамасы бойынша жұмысқа кірді. 1979 жылы «Октябрьдің ХХ жылдығы» атындағы зауытқа шебер болып ауыстырылды, онда 1983 жылға дейін аға шебер, механик болып жұмыс істеді. 1983 - 1984 жылдары «Қызыл-Ту» өндірісті дайындау бастығы болып жұмыс істеді.

1984 жылдың мамыр айында Кеңес Әскері қатарына шақырылып, 1986 жылдың мамыр айына дейін № 43065 әскери бөлім ротасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

1986 жылдың шілдесінен 1988 жылға дейін ҚазКСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің аппаратында жетекші инженер, министрдің көмекшісі болып жұмыс істеді.

1988 жылдың қазан айында «Казлифт» тресі басқарушысының орынбасары болып ауыстырылды. 1990 жылы трест басқарушысы лауазымына тағайындалды. 1992 жылдан 2014 жылдың қазан айына дейін «Алматылифт» ЖШС президенті болып қызмет атқарды.

Депутат маслихата города Алматы IV, V, VI шақырылған Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, 2007 - 2011 жылдары V шақырылған мәслихаттың Тексеру комиссиясының мүшесі.

2014 жылдың қазанында өткен мәслихаттың XХXII сессиясында V шақырылған Алматы қаласы Мәслихатының хатшысы болып сайланды, ал 2016 жылғы наурызда мәслихаттың I сессиясында VI шақырылған Алматы қаласы Мәслихатының хатшысы болып қайтадан сайланды.

«Nur Otan» партиясының мүшесі. 2016-2021 жылдары Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің, Алматы қаласы әкімдігінің қала құрылысы кеңесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Алматы қалалық комиссиясының, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2006ж.), «Құрмет» орденімен (2012 ж.), Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғысымен (екі рет, 2019ж.), «Nur Otan» партиясының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамоталарымен (2016, 2019 жж.), «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» (2014ж.), «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» (2015ж.) төсбелгілерімен, «Еңбегі үшін» Алматы қаласы әкімінің алтын төсбелгісімен, Алматы қаласы әкімдерінің құрмет грамоталарымен, балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің «Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» ММ алғыс хатымен, «Парыз» дипломымен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2003ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2005ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» (2014ж.), Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.), «Астана 20 жыл» (2018ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» (2019ж.), Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» (2020ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020ж.) мерекелік медальдарымен марапатталған.

«Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» құрметті атағы (2019ж.).

 

 

 

Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы

Алматы қаласы мәслихаты II, III, IV, V шақырылымдарының хатшысы

(11.2002 - 10.2014 жж.) 

1950 жылы Алматы облысы, Сарқанд ауданы, Антоновка ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген.

Еңбек жолын «Балхашпромстрой» трестінде жұмысшы-монтаждаушы болып бастады.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркем-графика факультетін тәмамдаған. Қазақ қыздар педагогикалық институтында сабақ берді, жолсеріктердің қалалық студенттер жасағын басқарды, Қазақстан темір жолы №7 Алматы бөлімінің вагон депосында кәсіподақ комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының есеп-экономика факультетін бітірді.

1987 - 2002 жылдар аралығында «Алматықалабезендіру» ЖАҚ басқарған.

1999 жылы ІІ шақырылым Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланады, 2002 жылдан 2014 жылдың қазаны аралығында Алматы қаласы мәслихатының ІІ, ІІІ, ІV, V шақырылымдарының хатшысы болып сайланады.

2014 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына Алматы қаласынан депутат болып сайланды, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі (17.10.2014 ж. бастап), Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (14.09.2017-2020).

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар Кеңесінің мүшесі (20.09.2019 ж.бастап).

«Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының төрағасы (12.2007-10.2008).

2010 жылдан бастап «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 

«Алматы қаласының құрметті азаматы», «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» құрметті атақтарының иегері.  

«Парасат» (2005ж.), III дәрежелі «Барыс» (2019ж.) ордендерімен, «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін» медалімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2003ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2005ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008ж.),  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» (2014ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015ж.), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» (2019ж.) мерекелік медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі Республикалық комиссияның мүшесі.

2010 жылдан бастап «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 

«Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», «Алматы қаласының құрметті азаматы» атақтары берілген.

«Парасат» ордені, «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін», медальдарымен марапатталған.

 

 

 

Төрегелдинов Жұмабек Сүлейменұлы

Алматы қалалық мәслихаты I, II шақырылымдарының хатшысы

(04.1994-11.2002 жж.)

Төрегелдинов Жұмабек Сүлейменұлы 1946 жылы Алматы қаласында туылған.

1965 жылы Алматы темір жол көлігі техникумын «Техник-механик» мамандығы бойынша, 1975 жылы Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша, 2003 жылы Қазақ аграрлық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Өзінің еңбек жолын 1966 жылы Алма-Аты Локомотив депосы машинисінің көмекшісі болып бастады. 1969-1990 жылдары Алматы темір жол торабының Локомотив депосында слесарь, электромеханик, аға инженер, аға шебер, зертхана бастығы, партком хатшысы болып жұмыс істеді.

1990-1993 жылдары Алматы қаласының Октябрь аудандық халық депутаттары Кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы болып қызмет атқарды.

1993-1994 жылдары Алматы қаласы Октябрь ауданы Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.    

1994 жылдан 2002 жылға дейін Алматы қалалық мәслихатының I, II шақырылымдарының депутаты және хатшысы.

2002 жылдан 2014 жылғы қазанға дейін Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат Комитетінің мүшесі, заңнама және құқықтық мәселелер Комитетінің мүшесі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі, Қытай Халық республикасы Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысымен, Польша Республикасы Сенатымен, Корея Республикасы Ұлттық Жиналысымен, Хорватия Республикасы Парламентімен ынтымақтастық тобының мүшесі.

1999 жылдан «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар Кеңесінің мүшесі.

«Алматы қаласының құрметті азаматы» құрметті атағының иегері.

«Құрмет» (2001ж.), «Парасат» (2009ж.) ордендерімен, «Почетный железнодорожник Республики Казахстан» төсбелгісімен (1996г.),   Парламентаризмді дамытуға, демократияны нығайтуға, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қосқан ерекше үлесі үшін «Содружество» орденімен (ТМД ПАА 2011 ж.), Қазақстан Республикасының бірінші Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мерекелік медальдарымен марапатталған.

Дата публикации
10 октября 2023
Дата обновления
10 октября 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
10 октября 2023
Алматы қаласы І-VII шақырылым Мәслихатының хатшылары
11 августа 2023
«Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағымен наградталғандардың тізімі

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары