Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі
Бас жоспарының жобасын мақұлдау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес
Алматы қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Алматы қаласы
Мәслихатының төрағасы М. Отыншиев
Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі
№ 6 шешіміне қосымша
Алматы қаласын дамытудың бас жоспары
(негізгі ережелерді қоса алғанда)
1-тарау. Жалпы ережелер
Алматы қаласының бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) перспективалық кешенді даму, аумақты жоспарлы ұйымдастыру, қаланың әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымы жүйесі бағыттарын айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.
Бас жоспар Қазақстан Республикасының Жер, Экология кодекстерінің, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңдарының және Қазақстан Республикасының қала құрылысын жобалау саласына қатысты басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді.
Бас жоспарда мынадай жобалық кезеңдер қабылданды:
1) бастапқы жыл – 2020 жылғы 1 қаңтар;
2) құрылыстың бірінші кезегі – 2030 жыл;
3) есептік мерзім – 2040 жыл.
2-тарау. Бас жоспардың мақсаты
Бас жоспар Алматы мен Алматы агломерациясының өзара байланысын ескере отырып әзірленді.
Бас жоспар мыналарды:
1) табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанатын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда, Алматы қаласының (бұдан әрі – қала) аумағын дамытудың негізгі бағыттарын;
2) осы аймақтардың аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлуді және пайдалануды шектеуді;
3) аумақты табиғи және техногендік құбылыстар мен процестердің қауіпті (зиянды) әсерінен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды;
4) көлік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттарды, көше-жол желісінің бас схемасын және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын;
5) қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды айқындайды.
Бас жоспар қалалық инфрақұрылымды дамытудың перспективалық және бірінші кезектегі бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, табиғи кешен аумақтарын сақтау және дамыту, тұрғын үй аумақтарын реконструкциялау және өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру, қоғамдық, іскерлік және мәдени орталықтарды, туризм және демалыс объектілерін дамыту, қалалық ортаны кешенді абаттандыру және эстетикалық ұйымдастыру, әкімшілік аудандар аумақтарын дамытудың қала құрылысы жоспарларын және Алматының басқа да аумақтық бірліктерін, қаланы жоспарлау және құрылыс салу жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
Бас жоспар мыналарды әзірлеудің негізі болып табылады:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағдарламалары;
2) электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, сумен жабдықтауды және басқа да инженерлік жүйелерді дамытудың кешенді схемалары;
3) қаланың кешенді көлік схемасы (бұдан әрі – ККС);
4) бекітілген Бас жоспарды іске асыру бойынша қала аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау және салу жобалары;
5) қысқа мерзімді кезеңдерге арналған кешенді құрылыс салу жоспарлары;
6) тұрғын үй, өндірістік және коммуналдық-қойма аумақтарын реконструкциялау және дамыту бағдарламалары;
7) тарихи құрылыс пен тарихи және мәдени мұра объектілерін сақтау және оңалту жоспарлары;
8) рекреациялық аймақтар аумақтарын дамыту және көгалдандыру бағдарламалары;
9) қоғамдық кеңістіктерді кешенді абаттандыру және қайта құру жоспарлары;
10) қала құрылысын салу қағидалары.
3-тарау. Әлеуметтік-экономикалық даму
Қала аумағының әкімшілік шекаралары шегіндегі халық саны бастапқы жылы 1916,82 мың адамды құрады.
Қала халқының есептік мерзімге болжамы халықтың табиғи және көші-қон қозғалысындағы объективті болып жатқан өзгерістерді ескере отырып орындалды.
Халықтың перспективалық cаны еңбекке қабілетті жастағы халықтың әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық салаларындағы қызметке оңтайлы қосылуын ескере отырып, статистикалық экстраполяциялау әдісімен айқындалған.
Қала халқының жобалық саны:
1) құрылыстың бірінші кезегі (2030 жыл) – 2500 мың адамды;
2) есептік мерзім (2040 жыл) – 3000 мың адамды құрайды.
Халықтың жалпы болжамды өсімі жобалау кезеңдері бойынша:
құрылыстың бірінші кезеңі (11 жыл) – 583 мың адамды;
есептік мерзім (10 жыл) – 500 мың адамды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы халық есептік мерзімнің соңына қарай қала халқы санының 66,5 %-ын құрайды.
Қаланың тұрғын үй қоры бастапқы жылы 45707,3 мың м2 құрайды, ал қаланың барлық халқының орташа қамтамасыз етілуі бір тұрғынға шаққанда жалпы ауданы 23,8 м2 құрайды.
Тұрғын үй ортасын кешенді қалыптастырудың негізгі бағыттары қала халқының барлығын тұрғын үймен қамтамасыз етуді есептік мерзімге қарай бір адамға шаққандағы жалпы ауданы 28,6 м2-ге дейін жеткізуді, яғни бір адамға шаққанда 4,8 м2-ге өсімді көздейді және жаңа тұрғын үй құрылысының көлемін есептеу үшін бірінші кезекке 30 м2/адам және есептік мерзімге 33 м2/адам мөлшерінде қабылданды.
2020 – 2040 жылдар кезеңінде жаңа тұрғын үй құрылысының көлемі жалпы ауданы 45607,5 мың м2 құрайды, оның ішінде үй-жай учаскелері бар үйлерде – 1002,9 мың м2, таунхауз үлгісіндегі аз қабатты құрылыста (2-3 қабат) – 3557,0 мың м2 және көппәтерлі көпқабатты үйлерде – жалпы ауданы 41047,0 мың м2, оның ішінде құрылыстың бірінші кезеңі кезеңінде (2020 – 2030 жылдар) жаңа үйлердің тұрғын үй қоры жалпы ауданы 22118,0 мың м2 құрайды, оның ішінде үй жанындағы учаскелері бар үйлерде 487,0 мың м2 орта қабатты үйлер (таунхауздар) – 1725,0 мың м2 және көппәтерлі көпқабатты үйлер – жалпы ауданы 19906,0 мың м2.
Қоғамдық қызмет көрсету саласы. Бас жоспарда әлеуметтік саланы мемлекеттік емес қызмет көрсету нысандарын дамытумен ұштастыра отырып, халықты әлеуметтік маңызы бар объектілердің тегін көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз етудің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізу бағытында жаңа әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы жағдайларын ескере отырып дамыту көзделеді.
Алматы қаласы қоғамдық қызмет көрсету объектілерінің жаңа құрылысының көлемі 2040 жылға дейінгі кезеңге жалпы ауданы 12327,83 мың м2 құрайды. 2040 жылға арналған қоғамдық құрылыс салудың жалпы қоры жалпы ауданы 20356,26 мың м2-ге жетеді, бұл бір адамға шаққанда жалпы ауданы 6,78 м2-ге тең, ал 2020 жылға арналған қазіргі көрсеткіш бір адамға шаққанда 4,2 м2, яғни халық санының перспективалық өсуін ескере отырып, бір адамға шаққанда 2,58 м2-ге ұлғаяды.
Бас жоспарда қала экономикасының мынадай басым бағыттары айқындалған:
3) халыққа қызмет көрсетудің көп деңгейлі жүйесін дамыту;
4) шынайы экономикалық жағдайларға барабар заманауи білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту;
5) қолжетімді және бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін құру;
6) экономика мен халықтың көлік қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
7) энергия үнемдейтін технологиялар мен жасыл экономикаға көшуді ынталандыру.
4-параграф. Қаланы ғылыми-инновациялық орталық ретінде дамыту
Алматының республикадағы ең қуатты зияткерлік-ғылыми базасы бар: мұнда 229 ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық бөлімшелер орналасқан, ядролық медицина, ғарыштық технологияларды дамыту, ең жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету, ресурс үнемдейтін технологияларды дамыту және басқа салаларда іргелі зерттеулер жүргізілуде.
Қалада ғылымды дамытудың негізгі басым бағыттары ядролық ғылым, биомедицина ғылымы мен технологиялары; табиғи ресурстарды зерттеу саласындағы зерттеулер; ауыл шаруашылығы ғылымы мен технологиялары; қоршаған ортаны қорғау сияқты салалар және басқалары болып табылады.
5-параграф. Қаланың өнеркәсіптік аймақтарын жаңғырту
Қазіргі уақытта Алматы қаласында өнеркәсіптік аймақтар мен өндірістік құрылыс салу учаскелері 3540 га аумақты алып жатыр. Оның ішінде өнеркәсіп орындары мен ұйымдар – 3323 га, электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату кәсіпорындары – 217 га.
Таяудағы перспективада, 2030 жылға дейін, қаланың өнеркәсіптік аймақтарының ауданы Алматы қаласының солтүстік-шығыс бағытындағы (790 га) жаңа индустриялық аймақтың (бұдан әрі – ИА) есебінен 990 га-ға ұлғаяды және Алматы қаласының Алатау ауданындағы ИА 200 га-ға дамиды, сондай-ақ Медеу ауданының Алатау кентіндегі жалпы ауданы 166,4 га ақпараттық технологиялар паркінің өндірістік аумағы одан әрі дамитын болады.
Жобалық кезеңнің соңына қарай (2040 жыл) қаланың әлеуметтік-экономикалық салаларында 1230 мың жұмыс орны болады деп болжануда.
4-тарау. Қала құрылысын дамыту
Қала құрылысы тұжырымдамасында Алматы қаласын дамытудың бас жоспары мыналарды көздейді:
12) сондай-ақ қала тіршілігінің бірінші кезектегі мәселелерін шешуге бағытталған басқа да шаралар.
Су қорғау аймақтары мен тау бөктері аумақтарында құрылыс салуды қатаң реттеу тау бөктеріндегі аумақтар шегінде тау самалының айналымы мүмкіндігін қамтамасыз ету және қалалық ортаның қолайлы микроклиматтық жағдайларын қалыптастыру мақсатында табиғи ландшафтық компоненттерді (өз алдына қала «өкпесі») қалпына келтіруге ықпал етеді.
Қаланың барлық су артериялары бойынша тұрақты су ағынын ұйымдастыру, оның ішінде қолданыстағы жасыл алқаптарды (Баум тоғайы, зират аумақтары, санитариялық-қорғау аймақтары, сондай-ақ басқа да көгалдандырылған аумақтар) көріктендіру және жалпы пайдаланымдағы жасыл екпелерге арналған жаңа алаңдарды жоспарлау есебінен жасыл екпелер алаңын ұлғайта отырып, қала кеңістігін кешенді көріктендіру.
Қаланың тұрақты қала құрылысын дамыту өлшемшарттары:
Алматының қала құрылысын дамытудың негізгі бағыттары мынадай міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге тиіс:
Осы іс-шараларды іске асыру қаланың экономикалық өсуін, қордаланған әлеуметтік проблемаларды шешуді, жаңа қала құрылысы құралдары мен тәсілдерін енгізу арқылы кеңістіктік жоспарлау мен нақты жобаларды іске асырудың өзара үйлестірілген процестерін енгізуді қамтамасыз етеді. Әлемде осындай табысты құралдардың бірі қалалық ортаны сапалы толтыруға, тұрғын үй, әлеуметтік, қоғамдық-іскерлік, өнеркәсіптік және басқа да ғимараттар мен құрылысжайлардың теңгерімін сақтауға, жер және басқа да ресурстарды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту құралдары арқылы озыңқы даму қағидаттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аумақты дамытудың полиорталықтық моделі болып табылады. Тұрғындарды жаңа тұрғын үймен жаңғыртылатын немесе салынатын қала аудандарына тарту үшін қолжетімді қоғамдық көлік пен сапалы коммуналдық көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру аса маңызды шарттардың бірі болады.
5-тарау. Көлік инфрақұрылымы
Көлік инфрақұрылымы демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің болжамды өсуі, халықтың қозғалғыштығы, жолаушылар және жүк тасымалдары көлемінің өзгеруі, көліктің жаңа баламалы түрлерін шиеленіссіз енгізу, экологиялық талаптарды қатаңдату жағдайында қала аумақтарының жайлы қолжетімділігін, қала ішіндегі, қала маңындағы және сыртқы көлік байланыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл міндеттер қозғалыстың моторсыз тәсілдерінің (жаяу және велосипед қозғалысы), қоғамдық және жеке көліктің, қалалық, қала маңындағы және сыртқы көлік жүйелерінің өзара іс-қимылы мен өзара толымдылығын қамтамасыз ететін қаланың бірыңғай көлік жүйесін дамытуды, сондай-ақ тұтынушыларға көліктік қызмет көрсету түрлерін баламалы таңдауға мүмкіндік беруді талап етеді.
Қала маңындағы және сыртқы көлік жүйелерін дамыту:
2) қалалық жаппай жүрдек жолаушылар тасымалы жүйелері қызмет көрсететін, тоқтау тұрақтары бар автовокзал кешендерін (Батыс, Солтүстік және Шығыс автовокзалдары, «Алматы-2» теміржол вокзалы) салу және т.б.
6-тарау. Инженерлік инфрақұрылым
1-параграф. Сумен жабдықтау
Бас жоспар жұмыс істеп тұрған аймақтық су құбыры жүйесінің өнімділігін тәулігіне шаруашылық-ауызсу, өндірістік және өртке қарсы су құбырының 1100,21 мың м3 дейін ұлғайта отырып, оны сақтауды және дамытуды көздейді.
Сумен жабдықтау үшін 2030 жылға жалпы ұзындығы 1007,0 км (қалпына келтіру – 395 км және жаңа құрылыс – 612,0 км) және 2040 жылға қосымша 2295,0 км (қалпына келтіру – 750,0 км және жаңа құрылыс – 1545,0 км) жаңа су құбырлары мен желілерін салу және қолданыстағыларын реконструкциялау қажет.
2-параграф. Су бұру
Кәріз жүйесін дамыту бөлігінде Бас жоспарда оның жалпы қуатын тәулігіне 920,0 мың м3 дейін жеткізе отырып, кәріз жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін арттыру көзделген.
Су бұру үшін 2030 жылға жалпы ұзындығы 786,0 км (қалпына келтіру – 391,0 км және жаңа құрылыс – 395,0 км) және 2040 жылға қосымша – 1385,0 км (қалпына келтіру – 760,0 км және жаңа құрылыс – 625,0 км) жаңа коллекторлар мен кәріз желілерін салу және қолданыстағыларын реконструкциялау қажет.
3-параграф. Жылумен жабдықтау
Бас жоспарда Алматы қаласының жылумен жабдықтау жүйесін дамытудың негізгі бағыты:
Орталықтандырылмаған жылумен жабдықтау аймақтарында органикалық отындағы (негізінен табиғи газдағы) дәстүрлі қазандықтармен қатар жылумен жабдықтаудың экологиялық таза, дәстүрлі емес көздерін пайдалану.
4-параграф. Электрмен жабдықтау
Бас жоспар қаланы электрмен жабдықтау жүйесін дамытудың мынадай бағыттарын көздейді:
Генерация көздерін дамыту:
Жаңартылатын электр энергиясы көздерін тарту – Алматы облысы оңтүстік-шығыс бөлігінің жаңартылатын электр энергиясы көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын электр станцияларынан электр энергиясын беру үшін Көкпек КС-тен Бесағаш КС-не дейін 220 кВ қос тізбекті желі салу.
Жаңғырту мен реконструкциялаудан кейін ЖЭО іске қосылған кезде Алматы энергия торабы бойынша қуат тапшылығы 750 МВт-тан 200 МВт-қа дейін айтарлықтай қысқарады, 2040 жылға қарай тапшылық біртіндеп 1000 МВт-қа дейін артады. Тапшылықты жабу Екібастұз энергия торабынан қолданыстағы 220-500 кВ желілер бойынша жүйелік 500 кВ Алма және Алматы КС-тен жүзеге асырылады.
Қаланы электрмен жабдықтау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары:
5-параграф. Газбен жабдықтау
Бас жоспарда барлық санаттағы тұтынушыларды есептік мерзімге айқындалған табиғи газбен толық көлемде қамтамасыз ету мәселелері шешіледі. Газбен жабдықтау жүйесінің объектілері мен құрылыстарын орналастыру жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтай отырып, газды болжамды тұтынуды қамтамасыз ету үшін жобада:
Бас жоспардағы газ шығыстарының есеп-қисабы энергия көздерін тұтынуды ескере отырып орындалды және есептік мерзімге жылына 3000 млн м3/жыл құрауы мүмкін.
Алматы қаласының қала құрылысын дамытудың экологиялық талаптарына мыналар жатады:
Алматы қаласының қала құрылысын дамытуға қойылатын экологиялық талаптарды орындаудың қажетті шарттары:
Алматы қаласы Бас жоспарының
негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
|
Р/с № |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Қазіргі жай-күйі (01.01.2020 ж.) |
Бірінші кезең (01.01.2031 ж.) |
Есептік мерзім (01.01.2041 ж.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Аумағы |
|
|
|
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
1.1.1 |
тұрғын үй және қоғамдық құрылыс салу |
-//- |
22,50 |
24,69 |
26,72 |
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
1.1.1.1 |
үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар усадьбалық және оқшау құрылыс (таунхауздар) |
-//- |
12,27 |
12,61 |
12,44 |
|
1.1.1.2 |
аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы |
-//- |
0,53 |
0,79 |
1,28 |
|
1.1.1.3. |
көп қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы |
-//- |
3,9 |
5,43 |
6,55 |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
1.1.1.4 |
қоғамдық құрылыс |
-//- |
3,48 |
4,02 |
4,32 |
|
|
1.1.1.5 |
маусымдық тұрғын үй |
-//- |
1,87 |
1,84 |
1,70 |
|
|
1.1.2 |
өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық құрылыс |
-//- |
4,15 |
4,51 |
3,44 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
1.1.2.1. |
өндірістік құрылыс |
-//- |
2,24 |
2,40 |
2,34 |
|
|
1.1.2.2. |
коммуналдық құрылыс |
-//- |
1,14 |
1,21 |
0,34 |
|
|
1.1.2.3 |
қоймалық құрылыс |
-//- |
0,77 |
0,80 |
0.76 |
|
|
1.1.3 |
көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар |
-//- |
2,97 |
3,36 |
3,56 |
|
|
1.1.3.1 |
оның ішінде: сыртқы көлік (теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыржол) |
-//- |
1,36 |
1,66 |
1,71 |
|
|
1.1.3.2 |
магистральдық инженерлік желілер мен құрылысжайлар |
-//- |
1,61 |
1,70 |
1,85 |
|
|
1.1.4 |
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар |
-//- |
21,60 |
21,60 |
21,60 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
1.1.4.1 |
қорықтар |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
1.1.4.2 |
Қорықшалар |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
1.1.4.3 |
табиғи ескерткіштер |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
1.1.4.4 |
ормандар мен орман бақтары |
-//- |
19,7 |
19,7 |
19,7 |
|
|
1.1.5 |
су айдындары мен акваториялар |
-//- |
1,9 |
1,9 |
1,9 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
1.1.5.1 |
өзендер, табиғи және жасанды су айдындары |
-//- |
0,67 |
0,67 |
0,67 |
|
|
1.1.5.2 |
су қорғау аймақтары |
-//- |
1,18 |
1.18 |
1.18 |
|
|
1.1.5.3 |
гидротехникалық құрылысжайлар |
-//- |
0.05 |
0.05 |
0.05 |
|
|
1.1.5.4 |
су шаруашылығы құрылысжайлары
|
-//- |
- |
- |
- |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
1.1.6 |
ауылшаруашылық пайдаланымдығы |
-//- |
6,49 |
2,64 |
0,00 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
1.1.6.1 |
егістік жерлер |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
1.1.6.2 |
бақтар мен жүзімдіктер |
-//- |
6,49 |
2,64 |
0,00 |
|
|
1.1.6.3 |
шабындықтар, жайылымдар |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
1.1.7 |
жалпы пайдаланымдығы |
-//- |
8,87 |
11,80 |
12,06 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
1.1.7.1 |
көшелер, жолдар, өтпелер, |
-//- |
5,38 |
5,89 |
6,07 |
|
|
1.1.7.2 |
су айдындары, жағажайлар, жағалаулар |
-//- |
0,67 |
1,07 |
1,15 |
|
|
1.1.7.3 |
саябақтар, скверлер, гүлзарлар |
-//- |
1,32 |
3,34 |
3,54 |
|
|
1.1.7.4 |
жалпыға пайдаланылатын басқа да аумақтық объектілер |
-//- |
1,50 |
1,50 |
1,30 |
|
|
1.1.8 |
арнайы мақсаттағы жерлер (зираттар, крематорийлер, қоқыс үйінділері, санитариялық-қорғау аймақтары және т.б.) |
-//- |
0,77 |
0,77 |
0,77 |
|
|
1.1.9 |
режимдік аумақтар |
-//- |
0,58 |
0,58 |
0,58 |
|
|
1.1.10 |
басқа аумақтар |
-//- |
1,00 |
0,00 |
0,00 |
|
|
1.1.11 |
резервтік |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
1.1.11.1 |
қоныстану аумақтарын дамыту үшін |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
1.1.11.2 |
өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық аумақтарды дамыту үшін
|
-//- |
- |
- |
- |
|
|
1.1.11.3 |
рекреациялық және өзге де аймақтарды ұйымдастыру үшін |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
1.2. |
жердің жалпы санынан: |
|
- |
- |
- |
|
|
1.2.1* |
мемлекеттік меншік жерлері |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
1.2.2* |
коммуналдық меншік жерлері |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
1.2.3* |
жекеменшік жерлері |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
2 |
Халық |
|
|
|
|
|
|
2.1 |
Бағынысты елді мекендерді ескере отырып, есептегі халық саны, барлығы |
мың адам
|
1916,8 |
2 500 |
3 000 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
2.1.1 |
қаланың өзі (кент, ауылдық елді мекен) |
-//- |
1916,8 |
2 500 |
3 000 |
|
|
2.2 |
Халық санының орташа жылдық өсімі, барлығы |
-//- |
47,6 |
53,0 |
50,0 |
|
|
2.3 |
Халықтың орташа жылдық табиғи қозғалысының көрсеткіштері: |
-//- |
19,7 (41%) |
22,3 (42%) |
22,0 (44%) |
|
|
2.4 |
Халық тығыздығы |
-//- |
|
|
|
|
|
2.4.1 |
қоныстану аумағы шегінде |
адам/га |
76 |
110 |
115 |
|
|
2.4.2 |
қалалық, кенттік және ауылдық құрылыс салу аумағының шегінде |
-//- |
28 |
37 |
44 |
|
|
2.5 |
Халықтың жас құрылымы: |
|
|
|
|
|
|
2.5.1 |
15 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда |
мың адам /% |
463,9/24,2 |
625,0/25,0 |
765,0/25,5 |
|
|
2.5.2 |
еңбекке қабілетті жастағы халық (16-63 жастағы ерлер, 16-62 жастағы әйелдер) |
-//- |
1314,9/68,6 |
1687,5/67,5 |
1995,0/66,5 |
|
|
2.5.3 |
еңбекке қабілетті жастан асқан халық
|
-//- |
138,0/7,2 |
187,5/7,5 |
240,0/8,0 |
|
|
2.6 |
Отбасылар мен жалғызбасты тұрғындар саны, барлығы |
бірлік |
618/3,1 |
780/3,2 |
910/3,3 |
|
|
2.7 |
Еңбек ресурстары, барлығы |
мың адам |
1435,8 /74,9 |
1900/76,0 |
2340/78,0 |
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
2.7.1 |
экономикалық белсенді халық, барлығы |
мың. чел./% |
986,6/51,49 |
1325/53,0 |
1680/56,0 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
2.7.1.1 |
экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар |
-//- |
936,5/48,87 |
1225/49,0 |
1650/55,0 |
|
|
1) |
қала құраушы топта |
-//- |
453,8/23,69 |
600/24,0 |
810/27 |
|
|
2) |
қызмет көрсету тобында |
-//- |
482,7/25,19 |
625/25,0 |
840/28 |
|
|
2а) |
оның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық |
|
72,3/3,77 |
|
|
|
|
2.7.1.2 |
жұмыссыздар |
-//- |
50,0/2,61 |
55/2,2 |
63/2,1 |
|
|
2.7.2 |
экономикалық белсенді емес халық |
-//- |
449,22/23,44 |
575/23,0 |
660/22,0 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
2.7.2.1 |
өндірістен қол үзіп оқитын еңбекке қабілетті жастағы оқушылар |
-//- |
236,1/12,3 |
350/14,0 |
450/15,0 |
|
|
2.7.2.2 |
экономикалық қызметпен және оқумен айналыспайтын еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық |
-//- |
213,12/11,14 |
225/9,0 |
210/7,0 |
|
|
3 |
Тұрғын үй құрылысы |
|
|
|
|
|
|
3.1 |
Тұрғын үй қоры, барлығы |
мың м2 жалпы ауданы |
45 707,30 |
66 873,15 |
89 494,74 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
3.2 |
Жалпы қордан: |
-//- |
45 707,30 |
66 873,15 |
89 494,74 |
|
|
3.2.1 |
көппәтерлі үйлерде |
-//- |
25 738,42 |
45616,66 |
66 718,77 |
|
|
3.2.2 |
аз қабатты үйлерде |
-//- |
1 970,28 |
3 442,87 |
5 001,77 |
|
|
3.2.3 |
усадьбалық үй типіндегі үйлерде |
-//- |
17 998,59 |
17 813,62 |
17 774,19 |
|
|
3.3 |
Тозуы 70 %-дан астам тұрғын үй қоры, барлығы |
-//- |
5 247,50 |
5 382,40 |
6 207,84 |
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
3.3.1 |
мемлекеттік қор |
-//- |
1800 |
- |
- |
|
|
3.4 |
Сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы |
-//- |
45 707,30 |
44 754,30 |
43 887,30 |
|
|
3.5 |
Тұрғын үй қорының мыналарға қатысты азаюы, барлығы |
-//- |
- |
953 |
867 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
3.5.1 |
техникалық жай-күйі бойынша |
-//- |
- |
585 |
534 |
|
|
3.5.2 |
реконструкциялау бойынша |
-//- |
- |
368 |
333 |
|
|
3.5.3 |
басқа себептер бойынша (үй-жайларды қайта жабдықтау) |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
3.5.4 |
тұрғын үй қорының мыналарға қатысты азаюы: |
|
|
|
|
|
|
3.5.4.1 |
қолданыстағы тұрғын үй қорына |
% |
- |
2,08 |
1,89 |
|
|
3.5.4.2 |
жаңа құрылысқа |
-//- |
- |
4,3 |
3,7 |
|
|
3.6 |
Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы |
жалпы ауданы |
- |
22 118,00 |
23 490,00 |
|
|
3.7 |
Жаңа тұрғын үй құрылысының қабаттылық бойынша құрылымы |
жалпы ауданы |
- |
|
|
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
3.7.1 |
аз қабатты |
-//- |
- |
2 212,00 |
2 349,00 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
3.7.1.1 |
үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар усадьбалық (коттедждік типтегі)
|
-//- |
- |
487,00 |
517,00 |
|
|
3.7.1.2 |
пәтер (таунхауздар) жанындағы жер учаскесімен оқшауланған |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
3.7.1.3 |
жер учаскесі жоқ 1-3 қабатты
|
-//- |
- |
1 725,00 |
1 832,00 |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
3.7.2 |
орташа қабатты (4-5 қабатты) көппәтерлі |
-//- |
- |
|
|
|
|
3.7.3 |
көпқабатты көппәтерлі |
-//- |
- |
19 906,00 |
21 141,00 |
|
|
3.8 |
Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен орналасады: |
-//- |
- |
22 118,00 |
23 490,00 |
|
|
3.8.1 |
бос аумақтарда |
-//- |
- |
10 012 (45%) |
10 972 (47%) |
|
|
3.8.2 |
қолданыстағы құрылыс салуды реконструкциялау есебінен |
-//- |
- |
12 106 (55%) |
12 518 (53%) |
|
|
3.9 |
Жаңа тұрғын үй қорының жалпы ауданының жылына енгізілуі, орта есеппен |
мың ш. м |
- |
2 010,75 |
2 349,00 |
|
|
3.10 |
Тұрғын үй қорының қамтамасыз етілуі: |
|
|
|
|
|
|
3.10.1 |
сумен жабдықтаумен |
жалпы тұрғын үй қорының %-ы |
100 |
100 |
100 |
|
|
3.10.2 |
кәрізбен |
-//- |
97,5 |
99 |
100 |
|
|
3.10.3 |
еден электр плиталарымен |
-//- |
1,7 |
1,5 |
0 |
|
|
3.10.4 |
газ плиталарымен |
-//- |
98,3 |
98,5 |
100 |
|
|
3.10.5 |
жылумен |
-//- |
71,9 |
85 |
100 |
|
|
3.10.6 |
ыстық сумен |
-//- |
69,4 |
85 |
100 |
|
|
3.11 |
Халықтың барлық тұрғын үй қоры пәтерлерінің жалпы ауданымен орташа қамтамасыз етілуі |
|
|
|
|
|
|
3.11.1 |
жаңа тұрғын үй қорын салу |
м2/ адам |
- |
30 |
33 |
|
|
3.11.2 |
жаңа құрылысты ескере отырып, қала бойынша орташа қамтамасыз етілу
|
м2/ адам |
23,85 |
25,55 |
28,55 |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
4 |
Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері |
|
|
|
|
|
|
4.1 |
Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы 1000 адамға нақты сыйымдылығы/нормативі/. Бас жоспар бойынша есептеу |
нақты сыйымдылығы / 1000 адамға |
68 500 /36 |
127 250 /51,0 |
195 000 /65 |
|
|
4.1.1 |
норма бойынша қамтамасыз етілу деңгейі |
% |
65,45 |
92,73 |
100 |
|
|
4.1.2 |
мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы 1000 адамға нақты сыйымдылығы/норматив/. Қоғамдық талқылаудың ұсынымдары бойынша есептеу |
нақты сыйымдылығы / 1000 адамға |
68 500 /36 |
150 000 /60,0 |
195 000 /65 |
|
|
4.1.3 |
Алматы қаласы халқының 1000 адамға арналған демографиялық құрылымы бойынша норматив
|
орын |
55 |
60 |
65 |
|
|
4.1.4. |
жаңа құрылыс (Бас жоспардың есеп-қисабы бойынша)
|
-//- |
- |
59 000 |
67 500 |
|
|
4.1.5. |
жаңа құрылыс (Қоғамдық талқылаудың ұсынымдары бойынша есептеу)
|
орын |
- |
81 500 |
45 000 |
|
|
4.2 |
Жалпы білім беру мекемелері, барлығы /1000 адамға (1,5 ауысымдық оқыту режимі болғанда оқушылардың нақты саны). Бас жоспар бойынша есептеу
|
орын, нақты сыйымдылығы / 1000 адамға |
286 810 /150 |
375 000 /150 |
480 000 /160 |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
4.2.1 |
норма бойынша қамтамасыз етілу деңгейі (1,5 ауысымдық оқыту кезінде). Бас жоспар бойынша есептеу |
% |
99,75 |
100 |
100 |
|
|
4.2.2. |
жалпы білім беру мекемелері, барлығы /1000 адамға (1 ауысымдық оқыту режимі болғанда мектептердің жобалық сыйымдылығы бойынша). Қоғамдық талқылаудың ұсынымдары бойынша есептеу
|
орын, жобалық сыйымдылығы / 1000 адамға |
196 870 /103 |
375 000 /150 |
480 000 /160 |
|
|
4.2.3. |
норма бойынша қамтамасыз етілу деңгейі (1 ауысымдық оқыту кезінде). Қоғамдық талқылаудың ұсынымдары бойынша есептеу |
% |
70,83 |
100 |
100 |
|
|
4.2.4 |
Алматы қаласы халқының демографиялық құрылымы бойынша 1000 адамға арналған норматив |
орын |
145 |
150 |
160 |
|
|
4.2.5 |
жаңа құрылыс (Бас жоспардың есеп-қисабы бойынша) |
-//- |
- |
88 190 |
105 000 |
|
|
4.2.6. |
жаңа құрылыс (қоғамдық талқылаудың ұсынымдары бойынша есептеу) |
|
|
178 130 |
105 000 |
|
|
4.3 |
Ауруханалар, барлығы/1000 адамға
|
төсек |
11 495 /6,1 |
16 575 /6,3 |
23 400 /7,8 |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
4.4 |
Емханалар, барлығы/1000 адамға |
ауысымда келу |
26 980 /14,0 |
42 913 /17,0 |
63 901 /21,3 |
|
|
4.5 |
Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері (интернат үйлері), барлығы/1000 адамға |
орын |
720 /0,37 |
4 780 /1,9 |
9 656 /3,2 |
|
|
4.6 |
Дене шынықтыру-спорт құрылысжайлары, барлығы/1000 адамға |
жалпы ауданы м2 |
350 800 /183 |
754 010 /301 |
1 266 260 /422 |
|
|
4.7 |
Ойын-сауық мәдени мекемелер (клубтар, кинотеатрлар, әмбебап ойын-сауық залдары және т.б.), барлығы/1000 адамға |
орын |
28 581 /14,9 |
151 440 /60,5 |
241 315 /80,4 |
|
|
4.8 |
Сауда-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға |
жұмыс орындары |
20 126 /10 |
26 125 /10,5 |
33 000 /11 |
|
|
4.9 |
Өрт сөндіру депосы |
автокөлік саны /депо |
144 /17 |
266 /29 |
428 /55 |
|
|
5 |
Көліктік қамтамасыз ету |
|
|
|
|
|
|
5.1 |
Жолаушылар қоғамдық көлігі желілерінің ұзақтығы, барлығы/қала шекараларында |
км |
1 013,3 |
1 192,1 |
1 456,6 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
5.1.1 |
метрополитен |
-//- |
13,8 |
21,1 |
46,6 |
|
|
5.1.2 |
LRT |
-//- |
- |
45 |
76 |
|
|
5.1.3 |
BRT/арнайы жолақтар |
-//- |
80,9 |
179,9 |
205,9 |
|
|
5.1.4 |
троллейбус |
-//- |
172,6 |
180,8 |
218 |
|
|
5.1.5 |
автобус |
-//- |
746 |
779,3 |
911,6 |
|
|
5.2 |
Қала көшелері мен жолдарының ұзындығы, барлығы |
км |
3097 |
4131,3 |
5491,5 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
5.2.1 |
жүрдек және реттелетін магистральдық қозғалыс жолдары |
-//- |
50,7 |
50,7 |
50,7 |
|
|
5.2.2 |
үздіксіз қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелері |
-//- |
131 |
131 |
131 |
|
|
5.2.3 |
реттелетін қозғалыстың жалпы қалалық маңызы бар магистральдық көшелері |
-//- |
349 |
385,6 |
463,0 |
|
|
5.2.4 |
аудандық маңызы бар магистральдық көшелер |
-//- |
594 |
818,0 |
1192,0 |
|
|
5.2.5 |
жергілікті маңызы бар маңызды көшелер мен жолдар |
-//- |
1954 |
2746 |
3654,8 |
|
|
5.3 |
Веложолдар, веложолақтар |
км |
85,82 |
260,7 |
379,5 |
|
|
5.4 |
Көлік жолайрықтары |
дана |
37 |
40 |
40 |
|
|
5.5 |
Көпірлер мен өтпежолдар |
дана |
138 |
141 |
153 |
|
|
5.6 |
Автовокзалдар, автостанциялар, көлік-ауыстырып тиеу тораптары |
дана |
3 |
15 |
24 |
|
|
5.7 |
Тұндыру-бұру алаңдары және қоғамдық көліктер үшін соңғы аялдама пункттерін жайластыру |
дана |
3 |
25 |
42 |
|
|
5.8 |
Сыртқы көлік |
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
5.8.1 |
теміржол, |
|
|
|
|
|
|
5.8.1.1 |
жүктер |
млн тонна/жыл |
12 |
17 |
19 |
|
|
5.8.1.2 |
теміржол вокзалдары |
вокзал |
2 |
3 |
3 |
|
|
5.8.2 |
әуе, |
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
5.8.2.1 |
жолаушылар |
млн жолаушы /жыл
|
3,4 |
4,1 |
4,9 |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
5.8.2.2 |
жүктер |
тонн/ жыл |
20997 |
25196 |
30235 |
|
|
5.8.3 |
автомобиль, |
|
|
|
|
|
|
5.9 |
КЖЖ тығыздығы |
|
|
|
|
|
|
5.9.1 |
құрылыс салынған аумақтардағы магистральдық КЖЖ тығыздығы |
км/км2 |
4,53 |
5,87 |
7,21 |
|
|
6 |
Инженерлік жабдықтар |
|
|
|
|
|
|
6.1 |
Сумен жабдықтау: |
млн м3/ жыл |
239,38 |
369,06 |
401,58 |
|
|
6.1.1 |
жиынтық тұтыну, барлығы |
мың м3 /тәул |
655,83 |
1 011,11 |
1 100,21 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
6.1.1.1 |
шаруашылық-ауызсу қажеттіліктеріне |
мың м3 /тәул |
655,83 |
660,16 |
720,17 |
|
|
6.1.1.2 |
өндірістік қажеттіліктерге (суару, іргелес аумақтар) |
мың м3 /тәул |
350,95 |
380,04 |
||
|
6.1.2 |
су құбырының бас құрылысжайларының қуаты |
мың м3 /тәул |
1 343,0 |
1 343,0 |
1 343,0 |
|
|
6.1.3 |
пайдаланылатын сумен жабдықтау көздері: |
|
|
|
|
|
|
6.1.3.1 |
жер үсті көздерінен су алу |
мың м3 /тәул |
249,89 |
315,0 |
315,0 |
|
|
6.1.3.2 |
жер асты сужинағыштары |
мың м3 /тәул |
1 093,11 |
1 028,0 |
1 028,0 |
|
|
6.1.3.3 |
орталықтандырылмаған су көздері |
|
|
|
|
|
|
6.1.4 |
ҚжМК бекіткен жер асты суларының қорлары. Бекітілген қорлар іріктелетін көлемнен едәуір асып түседі, бұл тиісті құжаттармен реттеледі |
мың м3 /тәул |
1061,41 |
1061,41 |
1061,41 |
|
|
6.1.5 |
Тәулігіне орта есеппен 1 адамға шаққанда су тұтыну |
л/тәул |
305,04 |
404,4 |
366,7 |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
6.1.5.1 |
шаруашылық-ауызсу қажеттіліктеріне |
|
187,0 |
264,0 |
240,0 |
|
|
6.1.6 |
желілердің ұзындығы |
км |
3 469 ,7 |
4081,7 |
4776,7 |
|
|
6.1.6.1 |
жаңа құрылыс |
км |
- |
612 |
695,0 |
|
|
6.1.6.2 |
бұдан басқа, реконструкциялау |
км |
- |
442,5 |
885,0 |
|
|
6.2 |
Кәріз:
|
млн м3/ жыл |
132,63 |
308,45 |
352,65 |
|
|
6.2.1 |
Ағынды сулардың жалпы түсімі, барлығы |
мың м3/ тәул |
363,38 |
881,49 |
983,36 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
6.2.1.1 |
тұрмыстық кәріз (қалалық құрылыс салудан) |
мың м3/ тәул |
363,38 |
760,21 |
868,85 |
|
|
6.2.1.2 |
іргелес орналасқан кенттер (перспективалық даму) |
мың м3/ тәул |
- |
121,28 |
114,51 |
|
|
6.2.2 |
кәріздік тазарту құрылысжайларының өнімділігі |
мың м3/ тәул |
640,0 |
800,0 |
920,0 |
|
|
6.2.3 |
желілердің ұзындығы |
км |
1818,0 |
2440,0 |
3065,0 |
|
|
|
жаңа құрылыс |
км |
- |
622 |
625,0 |
|
|
|
бұдан басқа, реконструкциялау |
км |
- |
395 |
760,0 |
|
|
6.3 |
Электрмен жабдықтау |
|
|
|
|
|
|
6.3.1 |
Электр энергиясын жалпы тұтыну |
млн кВт. сағ/ жыл |
5172 |
6417 |
8905 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
6.3.1.1 |
коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге |
-//- |
2692 |
3567 |
4901 |
|
|
6.3.1.2 |
өндірістік қажеттіліктерге
|
-//- |
953 |
1131 |
1822 |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
6.3.2 |
жылына орта есеппен 1 адамға шаққанда электр тұтыну |
кВт.сағ/адам |
2698 |
2567 |
2960 |
|
|
6.3.2.1 |
коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге |
-//- |
1404 |
1426 |
1634 |
|
|
6.3.3 |
жүктемелерді жабу көздері |
МВт |
1080 |
1260 |
1560 |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
6.3.3.1 |
ЖЭО, ГРЭС |
-//- |
588,5 |
1317 |
1317 |
|
|
6.3.3.2 |
су электр станциясы |
-//- |
21,8 |
244 |
244 |
|
|
6.3.3.3 |
біріккен электр желісі |
-//- |
470 |
-301 |
-1 |
|
|
6.3.4 |
желілердің ұзындығы |
км |
1408 |
1179 |
1161 |
|
|
6.4 |
Жылумен жабдықтау |
|
|
|
|
|
|
6.4.1 |
Жылу көздерінің жылу қуаты (қолда бар), барлығы |
Гкал/ сағ (МВт) |
6 843 (7 957) |
7 490 (8 709) |
8 310 (9 663) |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
6.4.1.1 |
ЖЭО-1, 2, БЖК |
Гкал/ сағ (МВт) |
2 739 (3 185) |
2 783 (3 236) |
2 783 (3 236) |
|
|
6.4.1.2 |
оңтүстік аймақтың аудандық қазандықтары |
Гкал/ сағ (МВт) |
804 (935) |
837 (973) |
837 (973) |
|
|
6.4.1.3 |
орамдық қазандықтар |
Гкал/ сағ (МВт) |
500 (581) |
780 (907) |
1600 (1 860) |
|
|
6.4.1.4 |
жергілікті көздердің жалпы жылу қуаты (жылыту пештері) |
Гкал/ сағ (МВт) |
2 200 (2 558) |
2 000 (2 326) |
1 900 (2 209) |
|
|
6.4.1.5 |
автономды жылыту жүйелерінің жалпы жылу қуаты |
Гкал/ сағ (МВт) |
600 (698) |
1 090 (1 267) |
1 190 (1 384) |
|
|
6.4.2 |
Жылыту және желдету үшін тұтыну, барлығы |
Гкал/ сағ (МВт) |
5 305 (6 169) |
6 338 (7 370) |
7 198 (8 370) |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
6.4.2.1 |
коммуналдық-тұрмыстық және қоғамдық-әкімшілік қажеттіліктерге
|
Гкал/ сағ (МВт) |
5 215 (6 064) |
6 148 (7 149) |
6 963 (8 097) |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
6.4.2.2 |
өндірістік қажеттіліктерге |
Гкал/ сағ (МВт) |
90 (105) |
190 (221) |
235 (273) |
|
|
6.4.3 |
Ыстық сумен жабдықтауға тұтыну, барлығы |
Гкал/ сағ (МВт) |
506 (588) |
618 (719) |
705 (820) |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
6.4.3.1 |
коммуналдық-тұрмыстық және қоғамдық-әкімшілік қажеттіліктерге |
Гкал/ сағ (МВт) |
500 (581) |
610 (709) |
690 (802) |
|
|
6.4.3.2 |
өндірістік қажеттіліктерге |
Гкал/ сағ (МВт) |
6 (7) |
8 (9) |
15 (17) |
|
|
|
желілердің ұзындығы |
км |
1352 |
1467,8 |
1547,8 |
|
|
|
жаңа құрылыс |
км |
- |
115,8 |
80 |
|
|
|
бұдан басқа, реконструкциялау |
км |
- |
536 |
564 |
|
|
6.5 |
Газбен жабдықтау |
|
|
|
|
|
|
6.5.1. |
Табиғи газды тұтыну, барлығы |
млн м3/ жыл |
1309 |
3136,5 |
3369,5 |
|
|
6.5.1.1 |
оның ішінде: халық және коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер |
-//- |
627,1 |
885 |
1088 |
|
|
6.5.1.2 |
ЖЭК және өндірістік қажеттіліктерге |
-//- |
682 |
2251,5 |
1181,5 |
|
|
6.2. |
Сұйытылған газды тұтыну, барлығы |
тонна/ жыл |
45 |
30 |
25 |
|
|
6.2.1 |
оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге |
-//- |
45 |
30 |
25 |
|
|
6.2.2 |
өндірістік қажеттіліктерге |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
6.3 |
Табиғи газ беру көздері |
млн м3/жыл |
1309 |
3136,5 |
3369,5 |
|
|
6.4 |
Қаланың, басқа елді мекеннің отындық теңгеріміндегі газдың үлес салмағы |
% |
21 |
44 |
45 |
|
|
6.5 |
Желілердің ұзындығы |
км |
5875 |
6030 |
6907 |
|
|
|
жоғары қысымды |
км |
41,4 |
113,8 |
90 |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
төмен қысымды |
км |
5187,3 |
5300 |
6000 |
|
|
|
газ тарату пункттері |
|
|
|
|
|
|
|
ГТП |
дана |
80 |
85 |
90 |
|
|
|
ШГРП, ШРП |
дана |
1718 |
2000 |
2100 |
|
|
7. |
Аумақты инженерлік дайындау |
|
|
|
|
|
|
7.1. |
Ашық типтегі жауын-шашын кәрізінің жалпы ұзындығы (арық жүйесі) |
км |
524,85 |
545,46 |
566,07 |
|
|
7.1.1 |
Ашық типтегі жауын-шашын суларын тазартқыш жүйесі (тазартқыш модульдік қондырғылар) |
дана |
- |
58 |
73 |
|
|
7.2 |
Аумақты су басудан қорғау: |
|
|
|
|
|
|
7.2.1 |
ауданы |
га |
- |
486,00 |
486,00 |
|
|
7.2.2 |
қорғаныш құрылысжайларының ұзындығы |
км |
- |
19,44 |
19,44 |
|
|
7.3 |
Сумен шайылу және құм салу, барлық көлемі мен ауданы |
млн м³ |
- |
1,76 |
1,97 |
|
|
7.4 |
Жағалауды нығайту |
км |
- |
32,00 |
37,50 |
|
|
7.5 |
Жер асты сулары деңгейінің төмендеуі (тік дренаж) |
дана |
- |
23 |
36 |
|
|
8 |
Халыққа салт-жора қызметін көрсету |
|
|
|
|
|
|
8.1 |
Зираттардың жалпы саны |
га |
480 |
780 |
1 100 |
|
|
8.2 |
Крематорийлердің жалпы саны |
бірлік |
1 |
1 |
1 |
|
|
9 |
Қоршаған ортаны қорғау |
|
|
|
|
|
|
9.1 |
Атмосфералық ауаға стационарлық көздерден зиянды заттар шығарындыларының көлемі |
мың т/жыл |
44,467678 |
10,5 |
10,5 |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
9.2 |
Ластанған суларды ағызудың жалпы көлемі |
млн м/ жыл |
- |
- |
- |
|
|
9.3 |
Бұзылған аумақтарды рекультивациялау |
га |
- |
- |
- |
|
|
9.4 |
Шуыл деңгейі 65 Дб жоғары аумақтар |
жалпы ауданның % |
11,6 % |
10 % |
5 % |
|
|
9.5 |
Экологиялық жағынан қолайсыз аумақтар (рұқсат етілген шекті концентрациядан жоғары химиялық және биологиялық заттармен, зиянды микроағзалармен, рұқсат етілген шекті деңгейден жоғары мөлшерде радиоактивті заттармен ластанған аумақтар) |
жалпы ауданның % |
10,4 % |
7 % |
5 % |
|
|
9.6 |
Санитариялық-қорғау аймақтарында тұратын халық |
мың адам |
42,26 |
37,88 |
30,20 |
|
|
9.7 |
Санитариялық-қорғау және су қорғау аймақтарын көгалдандыру |
га |
718,34 |
2139,9 |
5795,34 |
|
|
9.8. |
Топырақ пен жер қойнауын қорғау |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
9.9. |
Аумақтарды санитариялық тазалау |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
9.9.1 |
Тұрмыстық қалдықтардың көлемі |
мың т/жыл |
490,1 |
612 |
735 |
|
|
|
оның ішінде қалдықтарды сараланған жинау |
% |
7% |
8% |
10% |
|
|
9.9.2 |
Қоқыс өңдеу зауыттары |
бірлік/мың т./жыл |
1/362,1 |
- |
2 / 700 |
|
|
9.9.3 |
Қоқыс өртейтін зауыттар |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
9.9.4 |
Қоқысты қайта тасымалдау станциялары |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
9.9.5 |
Жетілдірілген қоқыс үйінділері (полигондар) |
бірлік/га |
- |
- |
- |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
9.9.6 |
Қоқыс үйінділерінің жалпы ауданы |
га |
- |
- |
- |
|
|
9.9.7 |
оның ішінде стихиялық |
-//- |
- |
- |
- |
|
|
9.10 |
Табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі өзге де іс-шаралар |
тиісті бірліктер |
- |
- |
- |
|
|
10 |
2020 – 2030 жылдар кезеңінде бас жоспардың бірінші кезектегі жобалық шешімдерін іске асыру бойынша барлық меншік нысанындағы инвестициялардың болжамды көлемі*, барлығы |
млн теңге |
|
9 892 113,48 |
|
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
10.1 |
Инженерлік инфрақұрылым |
млн теңге |
|
939 650 |
|
|
|
10.1.1 |
Электрмен жабдықтау |
млн теңге |
|
306 700 |
|
|
|
10.1.2 |
Жылумен жабдықтау, барлығы |
млн теңге |
- |
150 911 |
- |
|
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
жылу көздері |
млн теңге |
- |
56 978 |
- |
|
|
|
жылу желілері |
млн теңге |
- |
93 933 |
- |
|
|
10.1.3 |
Газбен жабдықтау |
млн теңге |
|
27 600 |
|
|
|
10.1.4 |
Сумен жабдықтау және кәріз |
млн теңге |
|
454 438,74 |
|
|
|
10.2 |
Көлік инфрақұрылымы |
млн теңге |
|
629 023 |
|
|
|
10.3 |
Әлеуметтік инфрақұрылым |
млн теңге |
|
8 323 440,74 |
|
|
|
10.3.1 |
халыққа қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындары |
млн теңге |
|
1 391 493,04 |
|
|
|
10.3.2 |
тұрғын үй құрылысы |
млн теңге
|
|
6 931 947,70 |
|
|
|
* Бірінші кезектегі жобалық ұсыныстарды іске асыру бойынша инвестициялардың болжамды көлемі ҚР ҚН 3.01-00-2011 «Қазақстан Республикасында қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы нұсқаулыққа» сәйкес көзделеді. Инвестициялар бойынша болжамды көрсеткіштер болжамды және ұсынымдық сипатта болады әрі аналогтар мен ірілендірілген көрсеткіштер бойынша есептеледі. Кейіннен қаланы дамытудың жобалық кезеңдеріне арналған нақты бағдарламаларды жасау кезінде меншіктің барлық нысандарын қаржыландырудың көлемі мен көздері республикалық, жергілікті бюджеттердің және өзге де мемлекеттік емес қаржыландыру көздерінің мүмкіндіктерін ескере отырып, тиісті жылдарға арналған бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. |
||||||