Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
a.nabiyev@maslihat-almaty.kz
Аккаунты соц. сетей:
Набиев Әміржан Әміржанұлы
Депутат
Общая информация, образование

Нәбиев Әміржан Әміржанұлы 1973 жылы 1 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ «Психология» мамандығы бойынша, 2017 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Құқықтану» мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі дәрежесімен бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы Ақтау қаласындағы «РМЗ» АҚ (Жөндеу-механикалық зауыты) маркетинг және басқару департаментінің директоры қызметінен бастады. 2009-2010 жылдары «Алматытеплокоммунэнерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Атрикс-Строй» ЖШС құрылыс компаниясын басқарып келеді.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

2014-2016 жылдары V сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

2016-2021 жылдары VI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары.

2021-2023 жылдары VІI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Парламенті Сенатының, Алматы қаласы әкімінің алғыс хаттарымен, «Заңғар» төсбелгісімен, «AMANAT» партиясының құрмет грамоталарымен, мерекелік медальдармен марапатталған. «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағына ие.

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы