Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
a.kobeeva@maslihat-almaty.kz
Аккаунты соц. сетей:
Көбеева Алтынай Орманқалиқызы
Депутат
Общая информация, образование

Көбеева Алтынай Орманқалиқызы 1972 жылы 27 қарашада Алматы қаласында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Білімі –жоғары. Алтынай Орманқалиқызы Көбеева 2000 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша Алматы технология және бизнес университетін бітірді. 2007-2009 жылдары Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде екінші білім алған. «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылдан 2017 жылға дейін Almaty Management University (AlmaU) магистратурасында «Коммерциялық емес сектордағы Менеджмент» мамандығы бойынша оқыды.

2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының «Ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының басшысы болып қызмет істейді.

2010 жылдан 2019 жылға дейін «Almaty Azmattyq Alliance» болып қайта тіркеуден өткен «Қазақстанның ҮЕҰ ақпараттық-ресурстық орталықтарының ұлттық желісі» ЗТБ төрағасы, Қазақстан Азаматтық Альянсының үйлестіру кеңесінің мүшесі, Алматы қаласындағы өкілі болды.

2014 жылдан 2017 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры қызметін атқарды.

Қоғамдық қызметін 2001 жылдан бастады. 2007 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі. 2007 және 2012 жылдары Алматы қаласы бойынша «Nur Otan» Халықтық-Демократиялық партиясының сайлауалды штабының жұмысына қатысты.

III, V, VI, VII Республикалық Азаматтық форумның делегаты.

2015 жылы Алматы қаласы білім басқармасы жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі.

2008-2009 жылдары «Nur Otan» партиясы Алматы филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі, хатшысы.

2021 жылдан бастап «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы экология жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің төрайымы;

2012 жылы ҚХА Хатшылығы мен Алматы қаласы жанындағы ғылыми-сараптама тобының жұмысына хатшы ретінде қатысты.

2013 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті жанындағы үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың консультативтік-кеңесші Кеңесінің мүшесі, 2012 жылдан 2015 жылға дейін Алматы қаласы бойынша ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі болды.

2016 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің мүшесі болды.

2016 жылғы наурыздан 2021 жылғы қаңтарға дейін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі және хатшысы.

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі қолданыстағы «ҚР қоғамдық кеңестері туралы» Заңға заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі

2018 жылдан бастап ҒЖ бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі болды.

2018г. жылдан бастап Қазақстан халық Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан, Алматы қ.

2019 жылдан 2020 жылға дейін Алматы қаласы 12 ОКГБ жанындағы Бақылау кеңесінің мүшесі.

ҚР АҚДМ жанындағы МЖС және гранитті мемлекеттік қаржыландыру ережелері бойынша жұмыс тобының мүшесі.

2019-2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі заң жобасының жұмыс тобының мүшесі.

2021 жылдан бастап:

  1. «AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық қоғамдық экологиялық кеңестің мүшесі.
  2. «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы экология жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің мүшесі.
  3. ҚР СІМ жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшесі

Азаматтық қоғам құрылысындағы және елді демократияландырудағы белсенді қызметі үшін лайықты наградалар:
* Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Медаль;
* ҚХА 20 жылдығына арналған Медаль;
* Астананың 10 жылдығына арналған Медаль;
* Астананың 15 жылдығына арналған Медаль;
* 2007 ж., 2011ж.сайлауалды науқанына белсенді қатысқаны үшін Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты.;
* 2011 жылғы сайлау алдындағы науқанға белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаты.;
* 2008 жылы жеке үлесі және қоғамдық-саяси қызметке белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласы аудан әкімдіктерінің алғыс хаттарымен марапатталды.
* 2018 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы