Құрметті жерлестер!🇰🇿
Сіздерді 9 Мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – тарих төрінен орын алған, халқымыздың жанқияр ерлігі мен қайсар рухының символына айналған ұлы мереке. Ұлы Отан соғысында қан майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен тылда аянбай еңбек еткен ата-әжелеріміздің еселі еңбегі мен өшпес ерлігі мәңгілік ел жадында сақталады.
Жеңіс жолында жанын қиған батырлардың рухына бас иіп, арамызда жүрген ардагерлерге шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің ерліктеріңіз – біз үшін мәңгілік өнеге, елге деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің жарқын көрінісі.
Осы Ұлы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен бірлік тілеймін! Жеңіс рухы жүрегімізде мәңгі жасай берсін!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Игі тілекпен, Алға аудандық мәслихатының төрағасы М.Тулеуов