
16.04.2025 ж.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Марат Тулеуов, аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Муканов қатысты.
📌Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Ауданның білім беру саласының жағдайы, оның ішіндегі ауылдық мектептердегі білім берудің сапасы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы.
2. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
✔️Депутаттар ақпараттарды тыңдап, талқылап, тиісті қаулы қабылдады.