Ардақты аналар, аяулы арулар!
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні – дүниені түлеткен көк желекті көктеммен бірге жанға шуақ, көңілге қуаныш сыйлаған аяулы аналарымыздың апаларымыздың, қарындастарымыздың төл мерекесі.
Халқымыз қашан да нәзік жанды әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған. Әйел – ана үйдің киесі, отбасы құндылықтарының айнымас сақшысы, ұлттық мәдениетіміздің тірегі. Әйел-ана қоғамның әлеуметтік экономикалық және басқа да салалардың дамуына үлес қосушы, қажырлы еңбек иесі. Біз ежелден аруларымызды ардақтап, аялауды биік дәстүрге айналдырған халықпыз.
Бүгінгі айтулы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыңызға амандық, көтеріңкі көңіл-күй, мәңгі сұлулық тілеймін.
Игі тілекпен, Алға аудандық
мәслихатының төрағасы: М.Тулеуов