Округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМА

Округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы  ХАБАРЛАМА

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң) 10-бабына сәйкес Алға аудандық мәслихаты Алға аудандық мәслихатының депутаттығына сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден тұрады. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық Заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлғалар оның жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштерді қоса береді.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы  1 қаңтар мен 2023 жылғы 15 қаңтар аралығы қоса алғанда (дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 12:30-ден 14:00-ға дейін) аралықтағы кезеңде мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматында;

2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-alga?lang=kk).

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Алға аудандық мәслихаты

Мәслихаттың орналасқан жері: Алға қаласы, 5 ш/а 4 үй.

Тулеуов Марат Шамшадинович – Алға аудандық мәслихатының хатшысы.

Жауапты тұлға – Усманова Марал Алимбаевна 8(71337)42306, 4-10-00, электрондық пошта мекенжайы m.usmanova@alga-maslihat.gov.kz,  alga_maslhat@mail.ru.

Алға аудандық мәслихаты Алға аудандық мәслихатының депутаттығына сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

№ п/п

Округтік сайлау комиссияларының 

нөмірлері

Округтік сайлау комиссияларының

орналасқан жері

 

Округтік сайлау комиссияларындағы мүшелердің саны

Округтік сайлау комиссиялары саны  12

1.                   

№ 1

Алға қаласы, Ленин көшесі №128,  № 1 мектеп –бақша ғимараты (тел: 4-43-73)

5

2.                   

№ 2

Алға қаласы, С.Сейфуллин көшесі №6, №2 орта мектеп ғимараты (тел: 4-39-31)

5

3.                   

№ 3

Алға қаласы, Жеңіс көшесі № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты (тел: 4-12-15)

5

4.                   

№ 4

Алға қаласы, Наурыз көшесі, № 1, № 3 қазақ орта мектебінің ғимараты (тел: 4-20-62)

5

5.                   

№ 5

Алға қаласы, А.Байтұрсынов көшесі №42, мектеп-гимназиясы ғимараты (тел: 7-03-02)

5

 

 

6.                   

№ 6

Алға қаласы, 4 шағын аудан 9үй,  № 4 орта мектеп ғимараты (тел: 426-12)

5

7.                   

№ 7

Алға қаласы, Жәдігер көшесі №3,аудандық мәдениет үйі (тел: 4-41-25)

5

8.                   

№ 8

Есет батыр Көкіұлы ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі 14, мектеп-бақша ғимараты (тел: 3-35-80)

5

9.                   

№ 9

Бестамақ ауылы, Бөкенбай батыр көшесі № 46, мәдениет үйі ғимараты (тел: 3-52-00)

5

10.               

№ 10

Тамды ауылы, Т.Ахтанов көшесі № 5, орта мектеп ғимараты (тел: 7-20-86)

5

11.               

№ 11

Үшқұдық ауылы, Комсомол көшесі №14, мектеп-бақша ғимараты (тел: 6-84-26)

5

12.               

№ 12

Маржанбұлақ ауылы, А.Құнанбаев көшесі №69, ауылдық мәдениет үйі ғимараты (тел: 5-39-27)

5

 

Өтініш үлгісі