
2026 жылғы 7 тамыз аудандық мәслихат төрағасы М.Тулеуовтың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №351 «2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы №78 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.