
2026 жылғы 24 маусым аудандық мәслихат төрағасы М.Тулеуовтың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезекті қырық жетінші сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 4 наурыздағы №260 «Аудандық ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы жоспардары туралы шешімінің орындау барысы туралы.
2. Аудандық ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы.
3. «Алға ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.
4. Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы.
5. Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 351 «2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Алға қаласы және 7 ауылдық (Бесқоспа, Бестамақ, Қарағаш, Маржанбұлақ, Сарықобда, Тамды, Тоқмансай) округтердің 2026 – 2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы.
7. Алға ауданының 2025 жылғы бюджетінің орындалуы туралы Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының есебін бекіту туралы.
Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.