Алға аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

Алға аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

Шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы Алға  аудандық мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ

Жарияланды: 27.04.2026 ж.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихаты 12 учаскелік және 5 округтік сайлау комиссияларының құрамына шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелерін сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 27 сәуірден бастап  15 мамырға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 15 мамырға дейін дүйсенбі – жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-ден 14:00-ге дейін.

Тулеуов Марат Шамшадинович – Алға аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Алға қаласы, 5 ш/а 4 үй.

Тел.: (871337) 4-23-06, 4-10-00.

Электрондық пошта мекенжайы alga_maslhat@mail.ru 

 

Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

р/н

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

Ұсынған партия ұйымының және қоғамдық бірлестіктердің атауы

 

1

2

3

4

5

 

Учаскелік сайлау комиссиялары – 12

 

1

158

Алға қаласы

1

"Ақтөбе облыстық ерікті мүгедектер қоғамы» ҚБ Алға аудандық филиалы

 

2

159

Алға қаласы

1

ҚХП

 

 

3

165

Қайнар ауылы

1

«Ақ жол» ҚДП

 

4

166

Есет батыр Көкіұлы ауылы

1

«Ақ жол» ҚДП

 

5

171

Нұрбұлақ ауылы

2

«Ауыл» ХДПП,

«Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ

 

6

175

Жерұйық ауылы

2

ҚХП

«Ақ жол» ҚДП

 

7

179

Қарабұлақ ауылы

2

«Ауыл» ХДПП

«Ақ жол» ҚДП

 

8

182

Сарықобда ауылы

1

«Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстан салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық ұйымының Алға аудандық  филиалы

 

9

185

Қарақұдық ауылы

1

«Аманат» партиясы

 

10

186

Ақай ауылы

2

«Ауыл» ХДПП,

«Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстан салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық ұйымының Алға аудандық  филиалы

 

11

188

Маржанбұлақ ауылы

1

«Аманат» партиясы

 

12

190

Маржанбұлақ ауылы

2

 

 

 

р/н

Сайлау округінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

Ұсынған партия ұйымының және

қоғамдық бірлестіктердің атауы

1

2

3

4

5

Округтік сайлау комиссиялары – 5

1

3

Алға қаласы

2

«Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстан салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық ұйымының Алға аудандық  филиалы,

 «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ

 

2

7

Алға қаласы

1

«Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстан салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық ұйымының Алға аудандық  филиалы

3

10

Тамды ауылы

1

«Аманат» партиясы

4

11

Үшқұдық ауылы

1

"Ақтөбе облыстық ерікті мүгедектер қоғамы» ҚБ Алға аудандық филиалы

5

12

 

 

 

Маржанбұлақ ауылы

4

 «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ,

«Аманат» партиясы,

"Ақтөбе облыстық ерікті мүгедектер қоғамы» ҚБ Алға аудандық филиалы,

«Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстан салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық ұйымының Алға аудандық  филиалы