
2026 жылғы 11 ақпан аудандық мәслихат төрағасы М.Тулеуовтың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық екінші сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №351 «2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.
2. Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 тамыздағы №205 «Алға ауданының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.
3. Аудандық құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы.
4. Кейбір учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.