2025 жылғы 23 желтоқсанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылғы 23 желтоқсанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
2025 жылғы 23 желтоқсан аудандық мәслихат төрағасы М.Тулеуовтың төрағалық етуімен  аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясы қашықтан Google Meet платформасы арқылы өтті. 
 
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
 
Күн тәртібіне төмендегі мәселелер  ұсынылады: 
1. Алға қаласының және 12 ауылдық (Ақай, Бесқоспа, Бестамақ, Қарабұлақ, Қарағаш, Қарақұдық, Қарақобда, Маржанбұлақ, Сарықобда, Тамды, Тоқмансай, Үшқұдық) округтердің 2026 – 2028 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы.
2. Алға ауданының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы.
3. «Алға ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы №130 шешімінің күшін жойылды деп тану туралы.
4. Аудандық мәслихат депутаттары Д.Кубесова, Н.Давлетовтың депутаттық сауалдары. 
 
Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді  тыңдап, талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.