
2025 жылғы 12 қараша аудандық мәслихат төрағасы М.Тулеуовтың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Алға қаласының және 12 ауылдық (Ақай, Бесқоспа, Бестамақ, Қарабұлақ, Қарағаш, Қарақұдық, Қарақобда, Маржанбұлақ, Сарықобда, Тамды, Тоқмансай, Үшқұдық) округтердің 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
2. Аудандық кейбір учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.