2025 жылғы 23 маусымда аудандық мәслихат аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Жарқынбек Сағынбайұлы Мұстафин ұжым қызметкерлерін Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен құттықтап, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңның және еңбек нормаларының сақталуы туралы отырыс өткізді.
Отырыста барлық мемлекеттік қызметшілер мен штаттан тыс қызметкерлерге қолданыстағы заңнамалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, заңбұзушылықтарды болдырмау және қызметтік (еңбек) тәртіпті, жұмыс уақыты режимін қатаң сақтау туралы түсіндірді.