2025 жылдың 19 маусымында аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылдың 19 маусымында аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылғы 19 маусымда аудандық мәслихат төрағасы М.Тулеуовтың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. Алға қаласының және 10 ауылдық (Ақай, Бестамақ, Қарабұлақ, Қарақұдық, Қарақобда, Маржанбұлақ, Сарықобда, Тамды, Тоқмансай, Үшқұдық) округтердің «2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
2. «Алға ауданының құрметті азаматы» атағын Ахмет Аманжол Ерғалиұлына беру туралы.

Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.