
2026 жылдың 19 қыркүйегінде Алатау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Өзіңнен баста» жалпыұлттық экологиялық челленджі өтті.
Челлендж барысында қала аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар, көшелер мен аумақтар қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмыстарына қалалық мәслихат және әкімдік қызметкерлері, коммуналдық мекемелердің мамандары, кәсіпкерлер, еріктілер, қала тұрғындары, жастар ресурстық орталығы өкілдері және «Жасыл ел» жасақшылары белсенді қатысты.
🌱 «Өзіңнен баста» жалпыұлттық экологиялық челленджінің негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды туған қаласының тазалығына үлес қосуға шақыру.
Таза әрі көрікті қала – баршамызға ортақ. Қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау әрқайсымыздың өзімізден басталады.
Тазалықты өзіңнен баста!
Таза Қазақстан – таза Алатау! ♻️🌿