
Алатау қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша жария тыңдауларда мәселені алдын ала қарау үшін 2026 жылғы 27 ақпанда сағат 10: 00-де Zoom платформасында бейнеконференция форматында депутаттар мен мемлекеттік органдар басшыларынан құралған жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс барысында уәкілетті орган ұсынған материалдар, оның ішінде өмірбаяндық деректер, мұрағаттық анықтамалар, тарихи құжаттар және өзге де растайтын мәліметтер қаралып, зерделеніп, назарға алынды. Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс тобының қатысушылары пікір алмасып, ұсыныстар енгізді, сондай-ақ осы мәселені белгіленген тәртіппен жария тыңдауларға шығару туралы шешім қабылдады.