
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 30 қаңтар күні сағат 9:00 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Алатау қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 26-69 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2. Алатау қаласының 2025 жылғы 14 қарашадағы № 23-63 «Алатау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімінің күшін жойылды деп тану туралы.