
Құрметті Алатау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Елтаңба, Ту мен Гимн – еліміздің тарихынан сыр шертетін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, тәуелсіз мемлекеттің басты символдары.
Тәуелсіз еліміздің көк Туы аспанымызда желбірей берсін!