Бүгін «Алакөл аудандық мәслихат аппараты» ММ-нің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай арнайы «Шоқан Уалиханов - Шығыс жұлдызы» атты шағын конференция болып өтті.
Шоқан Уәлиханов — қазақ мәдениетін әлемге танытқан ғалым. Оның саяхат күнделіктері ғылыми тұрғыдан үлкен маңызға ие. Ғалымның өмірбаяны мен шығыстану саласына қосқан үлесін қазіргі заманғы ғалымдар әлі де зерттеп келеді. Шараға аудан депутаттары және мемлекеттік қызметшілер қатысты. Отырыс барысында қатысушылар назарына Шоқан Уәлиханов туралы материалдардан тұратын арнайы кітап көрмесі ұсынылды. Шара соңында Шоқан Уәлиханов туралы ведеоролик көрсетілді.