«ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН!»

«ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН!»
«ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН!» аудандық коалициясы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жаңа форматта бастады. Атап айтқанда, тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға бағытталған «Есіктен есікке» акциясы қолға алынды.
 
Бұл бастаманың басты мақсаты – ақпаратты тек орталық деңгейде жариялаумен шектелмей, Жаңа Конституция жобасының мазмұнын әрбір отбасыға жеке түсіндіру. Коалиция мүшелері ауыл тұрғындарымен жүздесіп, енгізілетін өзгерістердің олардың күнделікті тұрмысына, әлеуметтік жағдайына және ел болашағына қалай ықпал ететінін нақты мысалдар арқылы жеткізуде.