Тұрақты комиссия отырысы

Тұрақты комиссия отырысы

2025 жылдың 5-ші мамыры күні Ақжар аудандық мәслихатының депутаты Б.А. Баржановтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бюджет және экономика жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия мүшелері 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасын қарады. Халық қалаулылары осы сұрақты талқылауға белсене қатысты. Көптеген маңызды мәселелер көтерілді. Шығыстар бөлігінде аудан бюджеті әлеуметтік бағыттылықты сақтауы ескеріліп өтілді. Нәтижесінде қаралған мәселе аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына ұсынылды.