
2026 жылғы 8 маусым күні Ақжар аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс 41-сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Қуандық Нұрғазыұлы Шақыбаев, бөлімдер басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да шақырылған тұлғалар қатысты.
Сессияны Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы Мағжан Рамазанұлы Жүсіпбеков ашып, күн тәртібіне еңгізілген мәселелердің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
Отырыста депутаттардың қарауына төрт мәселе ұсынылды. Атап айтқанда,
Күн тәртібіндегі алғашқы екі мәселе бойынша ауданның және ауылдық округтердің бюджеттеріне еңгізілген өзгерістер қаралды. Бұл өзгерістер бюджет қаражатын тиімді жоспарлауға, мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыруға және аудан тұрғындарының қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, терроризмге қарсы комиссия құрамына өзгерістер еңгізу мәселесі қаралып, тиісті шешім қабылданды. Аталған өзгерістер комиссия жұмысының тиімділігін арттыруға және оның қызметін қолданыстағы талаптарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Сессия барысында Айсары ауылының дамыту және салу схемасын бекіту туралы мәселе де қаралды. Бұл құжат елді мекеннің болашақтағы инфрақұрылымдық дамуын жүйелі жоспарлауға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауылдың тұрақты дамуына негіз болады.
Депутаттар күн тәртібіне еңгізілген барлық мәселелерді жан-жақты талқылап, тиісті шешімдерді бірауыздан қолдады.
Ақжар аудандық мәслихаты алдағы уақытта да аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, өңірдің тұрақты дамуына және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді.