Аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

2026 жылғы 14 мамыр күні Ақжар аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті 40 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облыстық тексеру комиссиясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібіне төрт мәселе енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда, депутаттар Ақжар ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекітті. Сонымен қатар, ауылдық округтердің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері қаралып, мақұлданды.

Сондай-ақ, аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына өзгерістер еңгізу туралы шешім қабылданды.

Бұдан бөлек, Байтұс және Май ауылдарының дамыту және салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарларын) бекіту мәселесі қаралды.

Сессия соңында қатысушылар ауданның алдағы дамуына бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, қабылданған шешімдердің өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ететінін жеткізді.