Депутаттар мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

Депутаттар мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

Ақжар аудандық мәслихатының депутаттары бастапқы партия ұйымдары, депутаттық бірлестіктер және ауылдық округ әкімдері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелеріне арналған жұмыс кездесуіне қатысты. Талқылау барысында халықпен кері байланысты күшейтуге, партиялық бастамаларды іске асыруға және заманауи коммуникациялық құралдарды қолдануға ерекше назар аударылды. Қатысушылар пікір алмасып, алдағы жұмыс бағыттарын айқындады.