Кеңащы ауылдық округіне жұмыс сапары

Кеңащы ауылдық округіне жұмыс сапары

Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы Мағжан Рамазанұлы Жүсіпбеков Кеңащы негізгі мектебінің бастауыш партия ұйымымен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында педагогикалық ұжымды толғандыратын өзекті мәселелер, сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік саланың дамуы талқыланды.

Жұмыс сапары аясында шағын орталық пен ауылдық клубқа барылып, балаларды тәрбиелеу және мәдени-демалыс шараларын өткізу жағдайымен танысты.

Сондай-ақ су мұнарасының жағдайына ерекше назар аударылып, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Бұдан бөлек, округтегі абаттандыру нысандарына тексеру жүргізілді. Оң өзгерістермен қатар, әлі де пысықтауды қажет ететін бірқатар мәселелер анықталды.

Аталған бағыттар бойынша жұмыс жалғасады және бақылауда болады.