
2026 жылдың 15-ші наурызы күні еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды тарихи оқиға – республикалық референдум өтті. Бұл референдум азаматтық қоғамның кемелденгенін және халық бірлігінің айқын көрінісін көрсетті. Дауыс беру қорытындысы бойынша азаматтардың 73%-дан астамы қатысып, олардың 87%-ы ұсынылған өзгерістерді қолдады. Солтүстік Қазақстан облысында сайлаушылардың қатысу деңгейі 70%-ды құрап, қолдау көрсеткіші 84%-ға жетті. Әсіресе Ақжар ауданында жоғары нәтижелер тіркелді. Мұнда сайлаушылардың қатысуы 88%-ға жетіп, олардың 87%-ы ұсынылған өзгерістерді қолдады
Салтанатты іс-шара барысында Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы Мағжан Рамазанұлы Жүсіпбеков сөз сөйлеп, марапаттау рәсімін өткізді.
Іс-шара аясында референдумды ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысқан азаматтар марапатталды. Олардың азаматтық белсенділігі, кәсібилігі және іске деген жауапкершілігі ортақ жетістіктің маңызды бөлігіне айналды.
Марапатталғандар қатарында: Сағындық Мұхатайұлы Шүлембаев, Серікгүл Рамазанқызы, Әлия Ғазизқызы Бекболатова, Ғалия Мұратқызы Надырова, Дархан Мырзаболатұлы Сәрсенов, Ержан Оралұлы Көкен, Тілеген Абзалханұлы, Ерболат Болатбекұлы Балтин, Айнұр Арыстанбекқызы Нұрбаева, Нәзгүл Шапағатқызы Жұбанышева.