КЕЗЕКТІ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ!

КЕЗЕКТІ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ!

2026 жылғы 17-ші наурызы күні сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті 38-сессиясы өтіп, Ақжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды. Отырысқа депутаттар, атқарушы органдар өкілдері және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияда 2026–2028 жылдарға арналған аудан бюджетіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әділова Әлия Наскенқызы баяндама жасап, бюджет қаражатын басым бағыттарға тиімді бөлу қажеттігін атап өтті. Өзгерістер әлеуметтік саланы дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және ауданның тұрақты дамуына бағытталғаны айтылды.

Сонымен қатар, ауылдық округтердің бюджеттеріне енгізілген өзгерістер қаралып, әкімдер өз ұсыныстарын ұсынды. Негізгі назар абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығын қолдауға аударылды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, ұсыныстар қолдау тапты. Сессия қорытындысы ауданның тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталды.