ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР ОТЫРЫСЫ!

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР ОТЫРЫСЫ!

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында 38-сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер алдын ала қаралды. Талқылау барысында 2026–2028 жылдарға арналған Ақжар ауданы бюджетіне, сондай-ақ ауылдық округтер бюджеттеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға ерекше назар аударылды.

Комиссия мүшелері ұсынылған материалдарды жан-жақты қарап, экономика және қаржы бөлімінің басшысының ақпаратын және ауылдық округ әкімдерінің ұсыныстарын тыңдады. Қаржыландырудың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру және ауылдық аумақтарды қолдау мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялар қаралған мәселелерді аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізуді ұсынды.