Кезекті сессия өтті

Кезекті сессия өтті

2025 жылғы 14 тамызда Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы Жүсіпбеков М.Р.-ның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Хасенов К.А., облыстық мәслихаттың депутаты Искакова О.С., аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық бөлімдер мен аумақтық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Депутаттар Ақжар ауданының ауылдық округтерінің 2025–2027 жылдарға арналған бюджеттерін қарастырды. Ұсынылған бюджет жобаларында ауылдық округтердің дамуының негізгі аспектілері ескеріліп, олар әлеуметтік-экономикалық даму болжамына толық сәйкес келді. Бұл шешім жобалары тұрақты комиссия отырысында депутаттармен қаралды. Депутаттардың шешімімен аудан мен ауылдық округтердің 2025–2027 жылдарға арналған бюджеттері бекітілді.

Сондай-ақ, сессияда Ақжар ауданының Құрметті азаматы атағын беру жөніндегі және әкімдік жанындағы комиссиялардың құрамы мәселелері қаралды.
Сессия мәселелері қаралғаннан кейін аудан әкімінің міндетін атқарушы Хасенов К.А. депутаттарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайту бағытындағы бірлескен жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы депутаттық қызметтерінде табыс тіледі.

Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың төрағасы Жүсіпбеков М.Р. депутат  Жагпаров Ж.А.-ны өткен туған күнімен  құттықтады.
Осылайша, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы аяқталды.