Тұрақты комиссия отырысы

Тұрақты комиссия отырысы

2025 жылғы 14 тамызда Ақжар аудандық мәслихатының депутаты Ахметова С.А.-ның төрағалығымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Комиссия мүшелері 2025–2027 жылдарға арналған аудандық және ауылдық бюджеттерге өзгерістер енгізу жөніндегі шешім жобаларын қарастырды.
Халық қалаулылары бұл мәселені талқылауға белсене қатысты. Бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Аудан бюджетінің шығыс бөлігі әлеуметтік бағыттылығын сақтап отырғаны атап өтілді.
Қорытындысында, қаралған мәселе аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына енгізілді.