Көмірмен қамтамасыз ету бойынша бақылау: Талшық ауылындағы тұйықты тексеру

Көмірмен қамтамасыз ету бойынша бақылау: Талшық ауылындағы тұйықты тексеру

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Талшық ауылында аудандық мәслихаттың төрағасы Жүсіпбеков Мағжан Рамазанұлы мен аудандық аурухананың бас дәрігері Сабитова Шолпан Қайыргелдіқызының қатысуымен жұмыс сапары өтті.

Іс-шара аясында тұйық жолға жеткізілген және ауданның денсаулық сақтау мекемелерін қамтамасыз етуге арналған көмір партиясына тексеру жүргізілді. Жұмыс сапарына қатысушылар жеткізілген отынның сапасы мен көлемінің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарап шықты, сондай-ақ көмірді уақытылы жеткізу және сақтау мәселелерін талқылады.

Халыққа арналған Шұбаркөл көмірінің қолжетімділігіне және бағаның тұрақтылығына ерекше назар аударылды. Көмірдің негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылданып жатқаны атап өтілді.

Әлеуметтік нысандар мен халықты жылыту маусымына дер кезінде әрі сапалы дайындау мақсатында отынмен қамтамасыз етуді бақылау жұмыстары тұрақты негізде жалғасатын болады.